TengriBank лицензиясынан айырылды, ал салымшылар ақшаларын қалай алады

2023 просмотров
0
Ратель
Пятница, 18 Сен 2020, 11:00

ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді депозиттегі қалдық сома шегінде, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі TengriBank-ті банктік және өзге де операцияларды жүргізу құқығынан айырды. Ал банк салымшылары ондағы ақшаларын қалай алады?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының хабарлауынша, "TengriBank" АҚ жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салымдарында, ағымдағы шоттары мен төлем карточкаларында орналастырылған ақшаларына "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ) кепілдігі қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Читайте также
Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?

"Бұл дегеніміз, Агенттік банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке бір мезетте өткізу операциясын жүргізуден бас тартқан жағдайда, ҚДКБҚ салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу шарасын жүзеге асырады. ҚДКБҚ өтем төлеуді бастау күнін заңнамада бекітілген мерзімде хабарлайды. Яғни, төлемдерді жүзеге асыру шарасы ресми хабарлама Қор сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде басталады", - делінген хабарламада.

Еске саламыз, ҚДКБҚ кепілдік берілген өтемді депозиттегі қалдық сома шегінде, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелген сыйақыны ескере отырып төлейді:

- теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 15 млн теңгеден;

- теңгедегі басқа депозиттер бойынша – 10 млн теңгеден;

- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – валюта баламасында 5 млн теңгеден аспайды (банк лицензиясынан айырылған күні белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша).

Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкердің банкте түрі мен валютасы бойынша екі және одан да көп кепілдендірілген депозиттері бар болса, ҚДКБҚ олар бойынша 15 млн теңгеден аспайтын көлемде кепілдік берілген жиынтық өтем төлейді. Бұл ретте шетел валютасындағы депозиттің 5 млн теңгеден аспайтын кепілдендірілген қалдығы бойынша шектеу ескеріледі. Сақталуына кепілдік берілген шекті сомадан асатын қалдығы бар депозиттер бойынша ҚДКБҚ жоғарыда атап көрсетілгеніндей тек бекітілген соманы ғана өтеді. Ал өтелмей қалған артық ақша бойынша салымшылар банкті еріксіз тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген соң барып, банкті тарату комиссиясына өтініш бере алады.

Төлемді алу үшін салымшыда жеке басын куәландыратын құжаты болса жеткілікті. Толыққанды нұсқаулық ҚДКБҚ сайтында орналастырылған. Депозиттер бойынша кепілдіктер және кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жалпы ақпараттар ҚДКБҚ www.kdif.kz сайтында қол жетімді.

Фото: finance.kz.

Оставьте комментарий

президент Республики Казахстан:
- К сожалению, есть недоброжелатели, которые пытаются исказить саму суть принципа «Закон и Порядок», представляя его как инструмент давления. Считаю это нечистоплотным.
Посол Израиля Йоав Быстрицкий о новых проектах с Казахстаном: разговор на творческом вечере Владимира Фридмана
Израильский актёр театра и кино представил в Алматы программу «Про ту и эту жизнь…», а посол рассказал о перспективах сотрудничества двух стран в экономике, медицине и культуре
Когда исчезает знание: что художники Центральной Азии искали в кыргызском Кадамжае
Экспедиция Tamyr Central Asia Art Lab началась с истории почти исчезнувшей профессии и превратилась в исследование памяти, мифа и художественного опыта
От Каспия до алгоритмов: что московский саммит ОДКБ меняет для Казахстана
Расширение повестки ОДКБ ставит перед Астаной прагматичный вопрос - какие механизмы организации реально работают на национальные интересы
Казахский язык в глобальной стратегии средней державы
Как мягкая сила, цифровые технологии и культурное продвижение получают новое место в государственной политике
Чей председатель? Как строительные недоделки становятся расходами жильцов
Адвокат Асқат Сулубек — о зависимости управления домом от застройщика, гарантиях и цене молчания о дефектах новостроек.
Шынайы құрмет пен жасанды «көкірек»
Аз ғана билікке қолы жетсе, эмпатиядан жұрдай болып, «көкірегін» қағатын адамдардың психологиялық сыры
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Смена руководства КНБ: кто такой Марат Ирменов и как складывалась карьера Ермека Сагимбаева
Новый глава спецслужбы прошел путь от региональных департаментов до руководства Комитетом
Казахстан между модернизацией и новым этапом развития
Политолог Равшан Назаров — о суверенитете, инфраструктурной модернизации, искусственном интеллекте и значении казахстанских реформ для Центральной Азии
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай