![](https://imagesratel.kz/cdn/innermain/i/2022/April/16/5a3bc2261876f2a23cc2021f761423f321925402.jpg)
Тараздық полиция қызметкерлері үйлерінен өз еркімен шығып, жоғалып кеткен 3, 5 және 12 жастағы үш баланы тапты
Биылғы жылдың 8 сәуірінде полицияға облыс орталығының 2 тұрғыны шағымданған. Әйелдер 5 және 3 жастағы ұлдарының үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы хабарлаған. Жоғалған балалар бір-бірімен көрші тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іздестіру нәтижесінде балалардың орналасқан жері анықталды, олар аман-есен, өмірлеріне ешқандай қауіп төнбеген. Балалар әртүрлі уақытта және қаланың әр жерінен табылған.
Алдын-ала берілген сауалнамаға сәйкес, 5 жасар бала ажырасып кеткен әкесінің туыстарына бармақ болған, ал бұл туралы анасына ескертпеген. Ал, 3 жасар бала серуеннен кейін үйіне оралғанда, есіктің құлыптаулы екенін көрген. Кіре алмай тұрған баланы байқаған көршісі оны ата-анасы келгенге дейін үйіне паналатқан және анасы баласын таппай, полицияға хабарласады деп күдіктенбеген.
Үшінші оқиға биылғы 11 сәуірде келіп түскен, ата-ана тұрмыстық мәселелерге қатысты 12 жастағы ұлымен жанжалдасып қалғанын, содан кейін ол үйден шығып кетіп, оралмағанын хабарлады. Кейінірек еріктілер мен полиция қызметкерлерінің көмегімен жасөспірім аман-есен Тараз қаласының саябағынан табылған.
Фото: liter.kz.