Талдықорғанда зиратты су басты

2016 просмотров
0
Алия АХМЕДИЕВА
Понедельник, 10 Мар 2025, 16:00

Тұрғындар жергілікті биліктен шұғыл әрекет етуді сұрады

Читайте также
Tele2 және Beeline тарифтері қымбаттап, қанды ішіп жатыр

8 наурыз күні Талдықорған маңындағы тұрғындар Еңбек ауылының жанындағы мұсылмандар зиратының су астында қалғанын айтып, дабыл қақты. Бұл зираттың жері қала аумағына кіреді.

Туыстары осында жерленген тұрғындардың айтуынша, көбіне жақында ғана қойылған қабірлерді су басты. Кей тұрғындар ескерткіштер мен тіпті марқұмдардың денелері суға кетуі мүмкін екенін айтып, жергілікті биліктен шұғыл шара қолдануды сұрады.

Өтенай ауылдық округі әкімдігінің хабарлауынша, шұғыл шаралар қабылданып, зират аумағында еріген судың жиналуына жол бермеу жұмыстары жүргізілді.

Округ әкімі Руслан МАЛТАЕВТЫҢ мәліметінше, 8 наурызда сағат 14:00-ден бастап зират аумағындағы еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 2 арнайы техника мен 8 адам жұмылдырылды. Шамамен 150 метр арық қазылып, еріген судың 97%-ы сорылды. Жағдай округ әкімдігінің бақылауында.

Жетісу облысы әкімдігінің ресми ақпаратына сәйкес, су тасқынының алдын алу шаралары аясында 2 372 км арық жүйесі, 768 км канал, 3 389 су өткізу нысандары тазартылып, елді мекендерден 21 мың м³ қар шығарылды.

Сонымен қатар, 572 дана арнайы техника, 201 мотопомпа және 31 су көлігі дайындалған. Облыста барлығы 235 эвакуациялық пункт бар, олар төтенше жағдай кезінде тұрғындарды қабылдай алады. Су тасқынының алдын алу шараларына бюджеттен 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Фото: әлеуметтік желілерден.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай