Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады
Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау берілуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжатта көрсетілгендей, енді Солтүстік Қазақстан облысының келесі елді мекендерге мына атаулар беріледі:
Айыртау ауданы бойынша:
- Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
- Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына - Баянтай атауы беріледі.
Шал ақын ауданы бойынша:
- Кривощеков ауылдық округіне - Арай;
- Кривощеково ауылына - Арай ауылы атауы берілмек.
Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
Фото: tengrinews.kz.