Өскеменнің жолдары жаңа автобустарды “өлтіріп” жатыр

1663 просмотров
0
Ратель
Вторник, 08 Апр 2025, 14:15

“Жаңа Қазақстанның” “Халықты жаман жолмен қинау чемпионатында” фаворит-қала пайда болды

Читайте также
Шымкент тұрғыны түк істемей жалақы алудың жолын тапты

Өскеменде көктем шыққалы жолаушы тасымалдайтын көлік түрлері кестеден жиі кешігетін болды, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені тоз-тозы шыққан жолға автобустар шыдайтын емес. Бұл туралы автопарк басшылары мәлімдеді.

“Тіпті шұңқыр-тесікті айналып өту мүмкін емес”, - деп шағымдануда көлік жүргізушілері.

Жергілікті билік бұл сынның орынды екенін айтып, шаһарда ауқымды жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.

Шұрық-тесік жол көлік апатына да жиі себепші болады. Мәселен, бір автобус ойыққа тіреліп, соның салдарынан пневмобаллоны жарылған. Аялдамада тұрған бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл істің мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

- Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне сәйкес сот-процесуалдық шешім қабылданатын болады, - дейді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Талғат НҰРИЕВ.

Читайте также
Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

Жолдың жайы әсіресе автомеханиктерге жақсы таныс. Автопарк мамандары “жаңадан алған автобустардың өзін қайта-қайта жөндеуге мәжбүрміз”, дейді.

Досан ЕЛУБАЕВТЫҢ да көлігінен күнде ақау шығады. Айтуынша, жолда жүруі қауіпті бола бастаған.

- Жол тораптарында өте көп соқпақтар, жолдарымыз жөнделмейді, содан кейін атвобустардың көбі қозғалысқа шыға алмай жатырмыз, үлкен жолаушылар атынан, өзіміздің атымыздан үлкен қауіп көріп отырмыз. Жаңа автобустардың бәрі істен шығып жатыр, - дейді автобус жүргізушісі Досан Елубаев.

Қала басшылығы айтылған сын-пікірлердің орынды екенін мойындап отыр. Жақын арада ауқымды шаралар басталатынын жеткізді. Әрі жөндеу сапасын қадағалау күшейтілмек.

- Иә, жасыратыны жоқ, жол сапасы сын көтермей тұр. Жыл өткен сайын тозып бара жатыр. Сондықтан енді жол жөндеу жұмыстарының нәтижесіне өте қатаң бақылау жүргізіледі. Әкім міндетіне кіріскелі бергі жүргізілетін жол-құрылыстарының сапасына тікелей өзім жауап беремін, - дейді қала әкімі Алмат АҚЫШОВ.

Биыл шаһарда 13 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Айтпақшы, бұл саладағы жұмыс тек қалада ғана емес, облыс бойынша ақсап тұр. Бұған жөнделген жолдардың сапасына тексеріс жүргізген полиция қызмектерлері де көз жеткізді. Осылайша, өз міндеттеріне салғырт қараған бірнеше мердігер компанияға жалпы көлемі 5 миллион теңге айыппұл салынды.

Фото: 24.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
От автоспорта до звания академика: путь общественного деятеля Александра Белянова
Международная полицейская ассоциация – Япония, Испания, США и другие страны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай