
Ерсайын Нағаспаев утильалымға қатысты жоспарын айтты
Елімізде “Утильалым алынып тастала ма?” деген сұрақ қайта көтеріліп отыр. Әдетте басшылық ауысқанда өзгеріс болады деп күтілетіні белгілі, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Осы ретте ақпанда ғана тағайындалған өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын НАҒАСПАЕВ утильалымға қатысты жоспарын айтты.
- Қанат Бисимбайұлы көп жұмыс істеді. Менің ұстанымым Қазақстан Үкіметінің ұстанымымен бірдей. Мен Үкімет мүшесі ретінде, ешқандай өзгерістер болмайды деймін, - деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Министр утильалымға қатысты қабылданған шешім жан-жақты сараптамаға негізделгенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл мәселе толық зерттеліп, барлық дәйектер ескерілген.
Айта кетейік, былтыр утильалымды алып тастауға қатысты бастама көтеріліп, қоғамдық тыңдаулар өткен. Оған министрліктер, салалық ұйымдар, автокәсіпорындар, депутаттар мен белсенділер қатысқан. Алайда сол кезде билік петиция талаптарын қолдамайтынын мәлімдеген.
Фото: pixabay.com.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!