Сағынтаев: Алматыда екі халықаралық емхана салынады

2017 просмотров
0
Ратель
Пятница, 25 Июн 2021, 17:15

300 төсек-орынға есептелген халықаралық емхана және 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салу мәселесі пысықталып жатыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалада екі халықаралық емхана салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Ресей балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцинаны сынықтан өткізбек

Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда кореялық маманадарды тарту арқылы 300 төсек-орынға есептелген халықаралық емхана салынады. Сол арқылы 250 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі, инвестиция көлемі – 38,7 миллиард теңге.

Сондай-ақ австриялық VAMED компаниясымен бірлесіп 200 төсек-орынды көпбейінді аурухана салу мәселесі пысықталып жатыр. Жоба инвестициясы – 90 миллион доллар.

Сонымен қатар қала әкімі жақын арада халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарланғанын мәлімдеді. Оның жалпы сомасы – 85 миллиард теңге. Жаңа терминал салынғаннан кейін жолаушылар ағыны жылына 6 миллион адамға көбейіп, өткізу қуаты 2,5 есе артады.

"Алатау" инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 2 мың студентті оқыту үшін Nazarbayev University-дің "Жасанды интеллект мектебі" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге арналған зертхана" жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар қалада қыркүйекте Монтфорт-Қазақстан Британ университетінің филиалы ашылады. 5 жылда инвестиция көлемі 50 миллион АҚШ долларын құрайды.

Фото: inbusiness.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Краснокнижные гиены и гиеновидные собаки появились в Карагандинском зоопарке