“Сасық” деген қазақтың жаңа фильмі шықты

2380 просмотров
0
Ратель
Четверг, 08 Мая 2025, 13:30

Фильмнің сюжеті Қазақстанның шалғайдағы ауылында өрбиді

Алматыда “Сасық” деп аталатын жаңа отандық кинотуындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Фильм үйсіз қалған қарт пен жол бойындағы дәретханадан табылған өзге ғаламдық туралы.

Комедия мен қиял-ғажайыпқа толы әлеуметтік драма болғанымен, кинотуынды адами құндылықтарды насихаттауды көздейді.

Читайте также
Шымкентте екі жігіт жезөкшеге “жолап”, сосын оны тонамақ болды

Фильмнің сюжеті Қазақстанның шалғайдағы ауылында өрбиді. Ауыл әкімі лауазымды тұлғалардың келуіне дайындалып жатады. Әйелі қайтыс болғаннан кейін көшеде қалған Садық ОСПАНҰЛЫ есімді қарт ұшатын беймәлім нысанның құлағанын байқап қалады. Осы сәттен бастап әкім, өмірден шаршаған сатушы Надежда мен аңқау полицей Бауырдың адам нанғысыз оқиғалар тізбегі басталады.

Фильмнің режиссері – Ерден ТІЛЕМІСОВ. Бұл туынды оның он бірінші жобасы. Фильмнің бюджетіне шамамен 600 мың АҚШ доллары кеткен екен. Негізгі түсірілім Алматы облысында болса, біраз эпизоды Қонаев қаласында өткен. Көрерменнің көңілінен шығу үшін 150-ден аса кәсіби маман ат салысыпты.

Тұсаукесерге ұйымдастырушылардан бөлек, актерлік құрам мен режиссерлер тобы да арнайы қатысты. Кинотуынды ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

- Бұл идея алғаш Ерден Телемісовке келді. Ол маған барлық сюжетті баяндап берді. Маған бірден ұнады. Мен бірден келістім. Өзге ғаламшарлықтың костюмін жасауға алты ай уақыт кетті. Түсірілім кезінде алты сағат оны киіндірдік, төрт сағат шешіндірдік. Елестетіп көріңізші, мен мұны актерлік ерлік деп есептеймін. Сондықтан фильм өте қызықты, - дейді фильмнің бас продюсері Гүлнәр СӘРСЕНОВА.

Фото: видеодан кадр.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
1000 домов подключены к системе питьевого водоснабжения в Илийском районе