Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі: Тоқаев ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға шақырды

1876 просмотров
0
Ратель
Пятница, 23 Июл 2021, 17:45

Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек, деп атап өтті мемлекет басшысы

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

"25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек", - деп жазды Тоқаев.

Читайте также
Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі: Академиялық есуден қазақстандық 3-орын алды

"25 шілде күні ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл бастаманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы дауыс беру науқаны саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді, сондай-ақ, жүргізіліп жатқан реформалардың дәйектілігін және тиімділігін көрсетеді.

Сайлау науқаны барысында азаматтарымыз жоғары белсенділік танытып, тұрғындардың мемлекет ісі мен қоғам өміріне етене араласатынын және еліміздің қазіргі дамуы мен келешегіне зор жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті. Мұны президент "азаматтық патриотизмнің шын мәніндегі шынайы көрінісі» деп атап өтті", деп жазды өз кезегінле ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Жергілікті атқарушы органдардың басшылары саналатын әкімдер мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – отандастарымыздың тұрмыс сапасын арттыру мәселесін шешуде негізгі рөл атқаруы тиіс.

"Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырады. Мемлекет басшысы сайланған кандидаттардың бәрі өзі ісінің маманы болатынына және халықтың үмітін ақтай алатынына сенім білдіреді", деп жазды Берік Уәли.

Еске салсақ, 25 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Алғашқы лекпен ауыл әкімін сайлайтын елді мекендердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

 

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай