
Наурызда түбегейлі шешім қабылданады-мыс
Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Бұл өзгерістің тиімділігі мен оның халыққа әсері туралы түрлі пікірлер айтылып келеді. Мәжіліс депутаты Ринат ЗАЙЫТОВ “Айран” арнасына берген сұхбатында уақыт белдeуі наурызда кері қайтатынын айтты, деп жазады kursiv.media.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов фракция отырысында бұл мәселе бойынша қызу пікірталас болғанын айтты. Мәжіліс төрағасы Ерлан ҚОШАНОВ та бұл жағдайға пікір білдіріп:
“Жігіттер, бір жыл деген әңгіме жоқ. Міне, депутаттардың уәжі осы. Наурыз айында отырыс болады, сол кезде не бүк, не шүк болады” - деп, түпкілікті шешім осы көктемде қабылданатынын атап өтті.
Зайытовтың айтуынша, уақыт белдeуін өзгертуге қатысты Үкімет нақты дәлел ұсынбаған. Бұл шешімнің қандай пайдасы бар екені әлі күнге дейін түсініксіз.
“Үкіметтің позициясы әлсіз, ешнәрсе дәлелдей алмайды. Уақыт белдеуін өзгерткеннен не ұттық?” - деді депутат.
Бұған дейін Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ уақыт белдеуін ауыстыру туралы зерттеуді 1 наурызға дейін жүргізуді тапсырған еді.
Фото: todayinfo.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!