Кешегі айтыс ақыны, бүгінгі депутат Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат ЗАЙЫТОВ экс-министр Қуандық БИШІМБАЕВҚА қатысты атышулы сот отырысын неліктен көрмейтінін түсіндірді.
Бұл туралы ойын ол "Білген дұрыс" бағдарламасында айтты.
- Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам. Бұның маған оқиғасы да, басқасы да қызық емес. Неге оны жаппай көрсете береді? Себебі сұраныс бар. Біреудің төсегіне қатысты ақпаратқа сұраныс бар. Атам қазақ "Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?" деп айтқан. Біз қазір өсекпен өмір сүріп жатырмыз. Бізге Қазақстанның келесі жылға қуаңшылыққа дайындығы қалай екені қызық емес, Ерке мен Раимның жағдайы қалай болып жатқаны бүкіл Қазақстанға қызық - деген екен.
Фото: abai.kz.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!