Ресейден Қазақстанға арақ импорты екі есеге өсті

1540 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 14 Июл 2024, 16:00

2024 жылдың бірінші тоқсанында

Қазақстандық нарықта Ресей арағы көбейіп барады, деп жазады kz.kursiv.media.

Солтүстiктегі көршiнiң үлесi негiзiнен басқа елдерден жеткiзiлетін арақ санының қысқаруы есебiнен өсіп жатыр. Алайда QazSpirits қауымдастығы РФ брендтерінің отандық өндірушілерге де қысым түсіріп жатқанын айтады.

Көршінің шөлін басу

Соңғы бес жылда Қазақстанға жалпы арақ импортындағы Ресейдің үлесі 2019 жылғы 55,2%-дан 2023 жылы 81,1%-ға дейін өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы төрт айында РФ-дан ҚР-ға 3,4 млн литр арақ әкелінген.

Читайте также
Балқаш көлі тартылып барады

ҚР-да экспорттың өсуі туралы ресейлік өндірушілер де айтып отыр. РФ-дағы Алкогольді ішімдік өндірушілер одағының президенті Игорь КОСАРЕВ РБК-ға ресейлік араққа АҚШ, Англия, Канада және Еуропада эмбарго қойылуына байланысты бұрын осы нарықтарда жұмыс істеген компаниялар экспорттық жеткізілімдерін Таяу Шығыс, ТМД елдері, сондай-ақ Үндістан мен Қытайға бұрғанын айтты.

Бұл үрдісті қазақстандық алкогольді және никотинді өнім өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы – QazSpirits те байқап отыр.

"Жыл бойы арақ импорты құрылымында маусымдық және неше түрлі нарықтық күрделі флуктуация байқалуы мүмкін. Қазіргі нақты жағдай мынау: Батыс нарығындағы едәуір үлесінен айырылған ресейлік өндірушілер, Қазақстанды қоса алғанда, жолы ашық елдерге экспорттау арқылы сол шығындарын ішінара өтеуге тырысып жатыр", - дейді QazSpirits атқарушы директоры Дмитрий ЖУКОВ.

Оның айтуынша, РФ-мен сауда жасауға шектеу енгізілгенге дейін Еуропа мен Солтүстік Америка нарығында ресейлік арақ жыл сайын $100 млн-ға сатылып отырған. Кейін, сұраныс күрт азайған кезде, ресейлік өндірушілердің қоймасы аузы-мұрнынан шыға толып қалған.

Фото: QazSpirit.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай