Ресей университеттері "Болашақ" бойынша оқытатын оқу орындарының тізіміне енді

2049 просмотров
0
Ратель
Пятница, 28 Янв 2022, 17:45

Қазақстандық студенттер "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ресейдің тағы бес жетекші университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды

Ресейдің жетекші техникалық университеттері "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқытатын жоғары оқу орындарының тізіміне енді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Читайте также
Ләззат Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды

Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, "MИФИ" Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта "МИСиС" Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Айта кетері, 21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы білім реформалары мен "Болашақ" бағдарламасына қатысты күрделі өзгерістерді жария етті.

"Мен жалпы елдің білім беру саласын қайта құрғым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлер мен тағы басқаларын тым көп шығарамыз. Бізге қазір білімді техникалық бағытқа бұру қажет. Біз "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, соның ішінде Ресейге жібереміз. Бәлкім, бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық оқу орындарына жіберетін шығармыз", - деген болатын Тоқаев.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев.

Источник: Sputnik.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд