Qazaq Oil желісі нарықты қалай өзгертіп келеді

1967 просмотров
0
Ратель
Среда, 25 Июн 2025, 10:00

Алты жылдың ішінде жылдам дамып келе жатқан экожүйе құрылды

“ҚазМұнайГаз” деп тұратын жазудың орнына осыдан алты жыл бұрын Qazaq Oil деген жаңа бренд келген. Көк-алтын түсі “Push” деген батырма үлкен өзгерісті – стратегиялық, визуалдық және операциялық бетбұрысты білдірді. Бүгінгі Qazaq Oil – Қазақстандағы ең ірі жанармай құю станциялары желісі, ел бойынша 378 кешені бар, жанармай саудасы мен жол бойындағы инфрақұрылым саласының көшбасшысы.

Бастысы жанармай, бірақ онымен шектелмейді

Премиум жанармайға басымдық беру – компания стратегиясының маңызды кезеңі. TotalEnergies® халықаралық энергетикалық концернімен бірлесіп, Qazaq Oil Tulpar брендімен бензин – Tulpar‑92, Tulpar‑95, Tulpar‑98 және дизель отыны – Tulpar‑ДТ өнімін іске қосты. Бұл өнімдер еуропалық көпфункциялы қоспалардан тұрады, ол жанармай сапасын көтереді.

“Tulpar жанармайына көшу – заманауи, экологиялық және сенімді қызмет көрсетуге бағытталған қадам. Қыстың суығында оның артықшылықтары ерекше сұранысқа ие”, - дейді компания өкілдері.

Tulpar жанармайының артықшылықтары: қозғалтқыш қуатын арттыру, коррозиядан қорғау, шығарындыны азайту және жанармайды үнемдеу. Дизель өнімдеріне ерекше назар аударылып, ол экстремалды климаттық жағдайда да қатпай, сенімділікті қамтамасыз етеді.

Ауқымды модернизация: техника, сервис, дизайн

Жекешелендірілгеннен кейін компания ауқымды техникалық реконструкцияға кірісті. Отын құятын ескірген жабдықтар заманауи Gilbarco колонкаларына ауыстырылып, Durapipe PLX құбырлары мен жанармайдың ластануына жол бермейтін сертификатталған резервуарлар орнатылды. Бұл дәлдікті, қауіпсіздік пен қызметтің тұрақтылығын арттырды.

Әрине, тек техникаға ғана емес. Жанармай бекетінің интерьері мен экстерьері клиенттің жайлылығына қарай қайта жобаланды. Сауда аймақтары кеңейтіліп, демалыс аймақтары жақсарды, заманауи кофемашиналар мен ультражылдам пештер орнатылды. Станциялар сапалы фастфуд және жайлы атмосферасы бар толыққанды тартымды орындарға айналды.

Өз брендтері: авто-тауардан лимонадқа дейін

Qazaq Oil өз брендтерін дамытуда. Техникалық сұйықтықтардан бөлек, компания Tulpar энергетигі мен құтыдағы суын, сондай-ақ Q‑Tea мен Q‑Lemonade деген сергітетін сусындар шығарады. Өнімдер жоғары стандарттарға сай дайындалып, тұтынушылардың көңілінен шықты.

Клиент пен цифрландыру

Клиенттердің ыңғайы үшін Qazaq Oil цифрлық серіктестермен бірігіп, нәтижесінде Vlife қосымшасы пайда болды, ол жанармай төлеуге арналған контактсыз жүйені, бонус жинау, оны жұмсау және клиенттерге жекелеген ұсыныстарды қамтиды. Қолданушылар өзіне жақын жанармай бекетін, керек жанармайын таңдап, смартфон арқылы ақысын төлеп, машинеден түспей-ақ багын толтыра алады.

Сондай‑ақ дыбыстық аналитика енгізіліп, енді персоналдың клиенттермен қатынас сапасы қадағаланады. Otvet.kz арқылы кері байланыс жүйесі жұмыс істейді: QR‑код арқылы қолданушылар пікірін, ұсынысы мен фото жібере алады.

Франшиза һәм Шағын және орта бизнесті қолдау

Компания шағын және орта бизнесті қолдау үшін және өзінің өсу бағыты ретінде франчайзингті дамытуда. Q‑Café мен DODO брендтері өңірлердегі кәсіпкерлер үшін тиімді мүмкіндік болып тұр.

“Франшизаны сатып алушылар арқылы 500‑ден астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, серіктес желілердің өсуі бюджетке түсетін салықтардың жалпы сомасына тікелей әсер етті. Тек 2024 жылы компания мемлекетке 15,6 млрд теңге аударды”, - деп атап өтті компания.

Qazaq Oil серіктестік сервистерді дамытудан тартынған емес – жанармай бекеттерінде Qazaq Energy Charge электрокөлік зарядтау станциялары мен бөтелке қабылдайтын Sparklo фандоматтары орналасқан.

Бәрі – адам үшін

Qazaq Oil корпоративтік мәдениет пен персоналды дамытуға басымдық береді. Well‑being бағдарламасы елдің барлық аймақтарын қамтиды және спорттық, экологиялық, оқу‑әдістемелік және шығармашылық жобаларды қамтиды. Компанияда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан қызметкерлер аз емес.

“Компанияда 19 жыл бойы жұмыс істеп келемін. АЗС менеджері болуды компания ребрендинг алдында ұсынған, қазір Атырау облысында жеті станцияны басқарамын. Осы жұмыстың арқасында отбасыма үй салдық. Оны бастан-аяқ өзім жобаладым. Мұның бәрі – компания берген білім мен тәжірибенің арқасында”, - дейді Атыраулық өңірлік менеджер Сәуле ҚҰСАЙЫНОВА.

Ақшалай емес сыйлықпен ынталандыру ретінде жыл сайын “Чемпиондар лигасы” байқауы өткізіледі. Жеңімпаздар – менеджерлерден, кассирлер мен операторлардан тұратын командалар – шетелдегі бесжұлдызды қонақүйде демалуға мүмкіндік алады.

Мысалы, биыл Келлеровка ауылындағы стансаның командасы Египеттегі бесжұлдызды қонақүйде демалды, өткен жылы – Қатар астанасындағы Rixos Gulf Hotel Doha‑да демалды. Айта кету керек, бұл команда екінші жыл қатарынан ел бойынша жанармай стансалары арасында бірінші орынды иеленіп келеді.

“Ертегідей болды, әлі сенбеймін. Компания қызметкерлерін шынымен де тегін демалысқа жібереді дегенге басында көбі сенбеген. Қайтып келген соң түсіндік – біз шынымен де жақсы жұмыс істедік, компания біздің еңбегіміздің лайықты бағалаған екен”, - дейді Т‑052 АЗС-інің операторы Пётр ДОМБОВСКИЙ.

“Биыл керемет жолым болып, Египетке бардым! Біз ұтамыз деп кім ойлаған!? Бұл менің арманым еді, Qazaq Oil оны жүзеге асыруға көмектесті. Пирамиданы көргенде жыладым тіпті, сондай әсерлі болды. Бұрын мұндайды орындалмайтын армандар деп ойлайтынмын, сөйтсем бәрі де мүмкін екен”, - деп еске алады Келлеровка стансасының кассирі Евгения РЫБИЦКАЯ.

Жауапты бизнес

Компания бірқатар марапатқа ие болды: HeadHunter бойынша “Жылдың үздік жұмыс берушісі”, “Бизнес Кемелдік” және “Алтын Сапа” сыйлықтарының лауреаты. Әлеуметтік жауапкершілік – Qazaq Oil‑дың екінші аты. Былтыр көктемде компания су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіруге 150 млн теңге бөлді, Астана әкімдігімен бірлескен “Жақсылық марафоны” аясында екі жылда әрқайсысы 40 келілік 8000 азық‑түлік жинағын жағдайы жоқ отбасыларға тапсырды.

Жанармай құятын жер ғана деме

Qazaq Oil – жай ғана жанармай құйып алатын жер емес: ол енді фастфуд, тауарлар, цифрлық сервистер, бонустық бағдарламалар мен тұрақты технологиялардан тұратын толық экожүйе. Клиенттерінің адалдық индексі (NPS) тұрақты түрде 74%-дан асады.

“Бүгінде біз жай ғана жанармай құю бекеті емеспіз. Алты жылдың ішінде жылдам дамып келе жатқан экожүйе құрдық. Алдағы жоспарларымыз – жаңа бағыттарды іске қосу және қазіргі жобаларды жетілдіру”, - деп атап өтті Qazaq Oil бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай