Qazaq Oil жанармайдың жаңа брендін шығарды

1973 просмотров
0
Ратель
Суббота, 09 Ноя 2024, 10:30

Бұл премиум брендті Қазақстандағы кез-келген жүргізуші көлігіне құя алады

"Темір тұлпар" тоқтамай шапқылауы үшін не керек дегенде – ең алдымен сапалы отын керек екенін тәжірибелі жүргізушілердің бәрі біледі. Моторға құйылатын сұйық отын сапалы, экологиялық таза және үнемді болуы керек. Бүгін Qazaq Oil компаниясы ең талғампаз тұтынушылардың талаптарына сай келетін жаңа өнімін – халықаралық энергетикалық алпауыт Total Energies-пен бірлесіп жасалған, өзінің жеке брендімен шығатын отынды нарыққа ұсынды.

Енді Qazaq Oil-дың барлық жанармай бекеттерінде қазақстандықтар бағалап үлгерген Tulpar-95 маркасынан бөлек, Tulpar-92, Tulpar-98 және Tulpar-ДТ деген премиум өнімдер сатыла бастайды.

- Біздің компания әу бастан бері әрқашан бірінші орынға сапаны қойып келген, мейлі ол біздің өнімдеріміз болсын, мейлі жанармай кешендеріндегі қызмет көрсету болсын. Брендті отынға көшу бұл да жаңа сапа деңгейі, біздің клиенттеріміз лайықты бағасын беретініне сенімдіміз, - деді Qazaq Oil компаниясының бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ.

Tulpar бензині – қозғалтқыштың қуатын арттырады. Одан соң отынды үнемдейді, коррозия мен тоттан қорғайды және зиянды түтінді азайтады.

Tulpar дизель отыны төмен температурада қатпайды, отын жағу жүйесінің тазалығын сақтайды, қозғалтқыштың жұмысын сенімді қылып, сайман-жабдықтың қызмет мерзімін ұзартады.

- Біз клиенттерімізге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін отын ұсына алатынымызбен мақтансақ та болады. Бұл – Қазақстан нарығында көшбасшы болу және автокөлік иелеріне ең мықты шешімдер ұсыну жолындағы маңызды қадам, - деп атап өтті Төлеміс Шотанов.

Qazaq Oil өндіру мен сату кезеңдерінің барлығында отынның сапасын бақылап отырады. Осы мақсатта компанияның Алматы, Астана және Атырау қалаларында аккредиттелген үш зертханасы бар, оларда тұрақты түрде сынақтар жүргізіледі. Кездейсоқ таңдалған жанармай бекетінен алынған отын сынамалары Qazaq Oil жанармайының заңда белгіленген нормативтерден де асып түсетінін көрсетті.

- Qazaq Oil жанармай желілерінде сапаны бақылаудың көпдеңгейлі жүйесі енгізілген. Біз отынды мұнай өңдеу зауытынан тиелген сәттен бастап, жанармай бекетінде көлікке құйылатын кезіне дейінгі барлық кезеңдерде бақылап отырамыз, - деп түсіндірді компания өкілдері.

Qazaq Oil – еліміздегі ең ірі жанармай құю желісі, оған 372 станция, 242 бензовоз, 11 жеке және 30-дан астам жалға алынған мұнай базасы кіреді. Премиум отынға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қарашаның ортасынан бастап нарыққа Tulpar-95, Tulpar-98 және Tulpar дизель отыны шығарылады. Tulpar-92 маркалы отын жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша жанармай құю станцияларында пайда болады.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Новые правила «Евровидения», иностранные боты в Южной Корее, Колумбия под завалами и мировые конфликты
Главное в мире: обзор СМИ
«Я сейчас чуть подвисла»: свидетельница Бажкеновой запуталась в своих показаниях в суде
Вопрос о сумме ущерба загнал Масальскую в угол
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай