Qazaq Oil мен "Джулия" ел тарихын ән мен күйге бөлеп жатыр

1002 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 11 Дек 2023, 12:30

Астанада өтетін “Джулия” мюзикліне билеттер түгел сатылып кетті. Бұл мәдени шараны Qazaq Oil ұйымдастырған еді

Читайте также
Астананың ызғарлы желтоқсанында "Джулия" мюзиклі жүректерді жылытпақ

Шыңғыс, Тимур мен Джулия кезінде атақты Аpple Pie тобының солистері болатын. Алайда Тимурдың адалдық жасамағанының кесірінен Джулия екеуінің арасында жанжал пайда болып, бұл барлық топқа әсер етеді. Олар тек өздері ғана ажырасып қоймай, музыкалық топ та тарайды. 

Джулия қарым қатынастың бәрін үзіп, Алматыдан Америкаға ұшады. 20 жылдан өткеннен кейін Шыңғыс өзінің қауіпті дертке шалдыққанын естіген соң, достарын жинауға тырысады. Алайда, олар не үшін жтиналғанын білмеген еді.

Олардың барлығының өмірі өзгерген. Әрқайсының бір біріне айтар сыры көп. Осы тарихтың барлығы A'Studio тобының хиттеріне негізделген. Ол әндердің кейбірі қазақшаға аударылды.

Ал спектакль, әрине, екі тілді көрерменге де ортақ.

- Мен бірінші рет  "Джулия" әнін 10 жаста естіген едім, 1988 жылы осы топтың әндерін тыңдап өстік, - деді басты рөлді орындаушы  Рүстем НҰРЖІГІТ. – Кейінірек консерватория студенті болғанда осы топтың шығармашылығына жақындай түстім. Концерттеріне, музыкалық кештеріне қатысып жүрдім. Батырханмен 2000 жылы таныстым. Студияда бірге жұмыс істедік. Ол қазақ тілінде альбом жазғанда, кейбір әндерді жазуға қатыстым.

Читайте также
Qazaq Oil Астана қаласына "Джулия" мюзиклін тарту етеді

Qazaq Oil компаниясының бас директоры Төлеміс ШОТАНОВТЫҢ айтуынша, A'Studio әндерінің барлығы сүйікті, олардың әрқайсысын бөле жарып айтуға болмайды.

- Әрине, "Джулия", "Солдат любви" тағы басқа әндер біздің жан жүрегімізді толқытатын. Осы кезде біздің қазақстандық өнерпаздар осындай биік дәрежеде елдің мәдениетін шетелге таратқанына куә болдық. Бұл біздің ұлттық мақтанышымыз болды.

Осы спектакльді көруге тек қана компанияның топ менеджерлері ғана келген жоқ. Біз барлық басты клиенттеріміз бен әріптестерімізді де шақырдық. Біз өзімізді тек мұнай өнімдері мен халық тұтынатын тауар сататын компания ретінде ғана емес корпоративті секторда да маңызды іс атқаратын компания ретінде қабылдаймыз. Біздің бастамамызға орай Qazaq Oil компаниясының келбеті тек жеке компания емес, белгілі бер экожүйе сияқты көрініс береді. Оны азаматтарымыз жақсы сезінеді деп үміттенеміз. Бұл бизнес пен мәдениеттің сәтті коллаборациясы сияқты елдегі мәдени, спорттық, әлеуметтік бастамаларды қолдауға септігін тигізеді. Осы мюзикл біздің компанияның алғашқы бастамасы емес. Жазда Алматыда атақты "Азия Дауысы" конкурсы өтті. Біздің компания осы байқаудың басты демеушілерінің бірі болды. Жобалар өте көп. Шамамыз келгенше бәрін қолдайтын боламыз. Біздің бұл бастамамыз басқа компанияларға үлгі болады еп ойлаймыз. Бізге дейін де көптеген бастамалардың куәсі болып отырмыз. Бизнес тек пайда табу үшін жұмыс істемей, мәдени шараларды қолдауға көмектессе нұр үстіне нұр. Бұл жерде еш коммерциялық мақсат жоқ.

A'Studio тобының негізін қалаушы Байғали СЕРКЕБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл идея  2017 жылы ЭКСПО кезіне пайда болған.

Батыстың Бродвейіндегі сияқты апта сайын өтіп тұратын музыкалық шараларды ұйымдастыру сол кезде қажеттілік тудырған.

Алайда, сол кезде шығармашылық топ оған әлі дайын еместігін түсінген. Одан кейін олар шетелдерге барып, жанрдың қалай қойылатынын зерттеген. Актерлердың жұмысы мен сахнаның орналасуын бақылаған.

Былтыр Алматыда "Джулия" 80 рет қайталанды. Ал Астана тұрғындарына премьера енді болады.

Мюзиклдің бас директоры Қайрат КУЛЬБАЕВТЫҢ айтуынша, кастингтен мыңдаған үмітер өткен. Жанды тыңдалым кезінде - 300, кейінгі іріктеуден 60 адам ғана қалған.

Айта кету керек, Qazaq Oil тек қана елдің мәдени өміріне ықпал етуге тырысып жатқан жоқ.

Мәселен, компанияның топ менеджерлері қарапайым жұмысшы сияқты жанармай құюға шығып, көліктердің терезесін де сүртіп береді. Кофе дайындап, ақжол тілеп тұрады. Бұл Qazaq Oil компаниясының ішкі коллективін ғана жұмылдырмайды, клиенттердің де өнімге деген сенімін, бизнеске ықыласын арттырады.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента