Qazaq Oil франшизасы: DODO – болашағы зор бизнес

1704 просмотров
0
Ратель
Вторник, 06 Мая 2025, 10:30

Жанармай құятын жер – жұртқа ұнайтын жер болды

Соңғы жылдары Қазақстандағы жанармай құю нарығы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі адамға көлігінің багын толтырып алу аз – оған енді қызмет көрсету сапасы, жайлылық, тамақтану және демалу мүмкіндігі маңызды болды. Мұның бәрі Qazaq Oil компаниясындағы стандарттардың бір бөлігіне айналды. Бұл сәтті тәжірибе енді тіпті жаңа деңгейге көтерілді – бренд бүгінде өз франшизасын іске қосып, бизнеске тексерілген, дайын шешімдер ұсынуда.

Qazaq Oil 2021 жылы Dealer Owned – Dealer Operated (DODO) форматы бойынша өз франшизасын іске қосты. Идеясы қарапайым: бизнес сенікі, бірақ сен жалғыз емессің. Компания жанармай жеткізу, стандарттар, оқыту, жарнама – қажет нәрсенің бәрімен көмектеседі. Ары қарай франчайзилердің өздері айтсын.

Жұртқа ұнайтын жер

Qazaq Oil-дың Шымкент қаласындағы франчайзиі Еркін МҰЗРАПОВ ескі жанармай құю станциясын тартымды орынға айналдырды:

- Бұрын мұнда тіпті әжетхана да жоқ еді, ештеңе жоқ болатын. Қазір барлық жағдай жасалған, кафе бар, әдемі етіп жасадық. Қазір рамен сату жүйесін енгізіп жатырмыз бізде жүк көлігінің жүргізушілері көп, оларға таңертең жеп алатын ыстық әрі тез тамақ керек. Бәрі ойластырылған, тіпті арнайы кесе сатып алдық, - дейді Еркін.

Кәсіпкер өз станциясына ерекше ықыласпен қарайтынын мойындайды:

- Біз осы жанармай бекетімізді жақсы көреміз. Оның жұмыс істеп келе жатқанына екі жыл болды – бәрі нақты, жоспар бойынша. Өзін ақтауы туралы айтар болсақ, біз шығынды ақтадық. Енді екінші станцияны саламыз, ол Ордабасы ауданында, Түркістанға қарай баратын жолдағы үлкен жоба болады. Әрине, Qazaq Oil-мен бірге.

Сенім артуға болатын серіктес

Шымкент қаласынан тағы бір франчайзи Закир МАХМУДОВ Qazaq Oil брендімен екі жанармай құю станциясын басқарады:

- Франшизаны таңдағанда, оның артында мықты әрі сенімді серіктес тұрғанын түсіну маңызды. Qazaq Oil табысты даму үшін барлық құралдарды береді. Біз 2021 жылдан бері серіктестік жасап келеміз, қазіргі уақытта бізде Qazaq Oil брендімен екі жанармай құю станциясы бар, жалпы бес станцияға жетуді жоспарлап отырмыз. Өзін ақтауын бес жылға жоспарладық, жоспар бойынша жүріп жатырмыз.

Біздегі орташа тәуліктік сатылым 30 текше метр. Бәрі тұрақты. Бізде жанармай жеткізу бойынша ешқандай алаңдаушылық жоқ, қызмет көрсету деңгейі жоғары, біздің персонал деңгейді түсірмейді.

Неге Qazaq Oil-ды таңдайды?

- Қазақстандағы жанармай құю станцияларының №1 бренді
Автокөлік жүргізушілері арасында танымалдық пен сенім бойынша ұлттық көшбасшы.

- Жоғары сапалы Tulpar жанармайы
Total Energies® компаниясының эксклюзивті қоспалары, дизель отынының қысқы формуласы -25°C дейін тұрақты жанады.

- Жанармай жеткізудегі сенімділік
Қазақстандағы барлық МӨЗ-дермен тікелей келісім-шарттар тұрақтылық пен үздіксіз логистиканы қамтамасыз етеді.

- Мықты корпоративтік база
Сатылымдардың 30%-ы Qazaq Oil талондарымен және карталарымен жүзеге асады – корпоративтік клиенттердің сұранысы тұрақты.

- Vlife лоялдық бағдарламасы
Қазақстандағы жанармай құю станциялары арасындағы бірегей коалициялық бонус жүйесі –тұрақты сатып алуға ынталандырады және клиенттердің адалдығын арттырады.

- Жеке-жеке оқыту
Жоғары бренд стандарттарына сәйкес, серіктестер өз қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын пайдаланады.

- FMCG және гастрономиялық өнімдерді орталықтан алу
Бірегей жеткізуші халық тұтынатын тауарлар мен кафе өнімдерінің кең ассортиментін қамтамасыз етеді – бұл тиімді және ыңғайлы.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер брендтің тұрақтылығы мен танымалдылығымен қатар оның ұлттық бірегейлігін де бағалайды:

- Маған бренд ұнайды. Мен патриотпын және өз өнімдерімізді дамыту керек деп санаймын. Мен баршаға өзіміздің ұлттық компаниямызды дамытып, Qazaq Oil-мен бірге бизнес құруға кеңес беремін, - деп атап өтті Закир Махмудов.

Даму деген осы

Qazaq Oil-дың DODO франшизасы өсіп келеді: қазіргі уақытта компанияда 50-ден астам серіктес бар. Станциялар тек көлікке жанармаймен құюмен шектелмей, толыққанды сервис орындарына айналуда – дүкендер, кафе, ыстық тамақ және жайлы атмосфера.

Әр жаңа станция тек өз иесіне ғана пайда әкелмейді, елдің әр аймақтарында жұмыс орындарын құрады. Орташа есеппен бір жанармай құю станциясы 10-15 жаңа жұмыс орнын ашады, бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі, әсіресе ауылдық жерлер мен шалғай аудандарда.

Өзің сенетін бизнес ашуды армандасаңыз, станция ашуға кірісіп көріңіз. Qazaq Oil әрқашан қолдау көрсетуге дайын.

Фото: Qazaq Oil.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Петр Своик: «Мы не опаздываем, но пора действовать»
Эксперт о реформе Токаева, ошибках прошлого и о строительстве новой политической системы
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента