Путиннің баспасөз хатшысының қызы Қазақстанда тіркелген екен

1974 просмотров
0
Ратель
Среда, 05 Июн 2024, 13:00

Пескова 2022 жылдың наурызында ЕО мен АҚШ санкцияларына ұшыраған

Ресей президенті ПУТИННІҢ баспасөз хатшысы ПЕСКОВТЫҢ қызы Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алған.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

"Система" тергеу жобасы бұл ақпаратты Қазақстанның ұлттық сертификаттау орталығының онлайн реестрінен және басқа да деректер қорынан анықтағанын мәлімдеді.

Читайте также
Ол неге құпия? Федерация Черчесовтың жалақысын жасырып отыр

Пескова қазақстандық жеке сәйкестендіру нөмірін 2022 жылдың қыркүйегіне дейін алған, себебі ЖСН Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тіркелген. 2019 жылдың наурызынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін  Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып аталған. 

Қазақстанда ЖСН мемлекеттік және банктік қызметтерді алу үшін қажет. Ресейліктер Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін жаппай қазақстандық банктерде шот ашу және Visa мен Mastercard қойған шектеулерді айналып өту үшін ЖСН ала бастаған.

Банктер санкцияланған тұлғаларға қызмет көрсетуді құптамайды. Путиннің баспасөз хатшысының қызы 2022 жылдың наурызында Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың санкцияларына ұшырады. Пескова өзіне қойылған шектеулерді "әділетсіз және негізсіз" деп атаған.

Фото: Лиза Пескованың парақшасы.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы