Психолог: “Қазақтың ашкөздігі – ашаршылықтан”

2098 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 01 Июн 2025, 13:30

1930 жылдары қазақ даласында аштықтың зардабын таппаған адам қалмады

Мыңдаған қазақтың сүйегі сайын далада шашулы, көмусіз қалды. Бір ұлтты жер бетінен жойып жібере жаздаған қырғынға әлі тарихи баға берілмеді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам көшіп кетті.

Сарапшылар Stan.kz тілшісіне елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған жарақат деп түсіндірді.

Читайте также
“Ойнап жүріп” 12 млн теңге ұрлапты. Спорт мектебінің екі директоры сотталды

Осы тұста Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Айжамал ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА біршама уақыттан бері елді-мекенді аралап ашарлылықтан зардап шеккен жандармен сұхбаттасқан. Соның бірі Шиелі ауданының маңында орналасқан мола туралы былай деген:

“Шиелі ауданы маңында Жақаев деген ауыл бар. Қазір дамып, әдемі үйлер тұрғызылған. Бірақ сол үйлердің ортасында үлкен мола тұр. Оның тарихы да ерекше. Ашаршылық кезінде осы ауылға бір отбасы көшіп келеді. Өздері мәдениетті. Бірақ ішерге тамақтары жоқ. Сөйтіп күнде ауыл тұрғындарынан нан сұрайды. Бір күні отбасымен үйінен шықпай қалған соң, ауыл азаматтары барып қараса, ерлі-зайыптылар балаларын құшақтап аштан өліп кеткен. Оларды көмуге ешкімнің шамасы болмай сол жерде қалып кетіпті. Қазір ол төмпешікті ауыл тұрғындары темірмен қоршап қойған”, - дейді тарихшы.

Тарихшы ашаршылық кезінде аман қалу үшін адам етін жегендер де болғанын айтады.

“Төрт баласы бар келіншектің үйіне туысқан әжей келіп, нан немесе дән бер сұрап келеді. Өздері ішерге тамақ таппай отырған отбасы әкімшілік дәм таратып жатқанын айтып, кемпірге сол жаққа бар дейді. Бірақ соңында өзі бармақ болып, кемпірге “балаларыма қарай тұр мен саған тамақ әкеліп беремін” деп кетіп қалады. Біраз уақыттан кейін үйіне келсе, балаларының сүйегі шашылып, киімі жыртылып әлгі туысқаны балаларын жеп кетіпті. Сол оқиғадан кейін әйел жынданып дала кезіп кеткен екен,” - дейді тарихшы.

Читайте также
Айдос Сарым мен Ермұрат Бапи Жеңіс парадына дайындықты пысықтап қайтты

Психоанализ қауымдастығының мүшесі Мейіргүл БИМАҒАМБЕТОВА тарих пен ұлттың өткені халықтың мінез-құлқын қалыптастыратынын атап өтті. Әсіресе, қайғылы оқиғалар трансгенерациялық жан жарақаты ретінде беріліп отырады. Яғни ұлт немесе адам белгілі бір қайғының, жарақаттың бар екенін мойындап, сезімдерін сыртқа шығармаса, ол бейсанада қалып қояды.

“Біздің қоғамда адамдар бай болсам, ақша тапсам екен деп тыпыршып жүреді. Олардан ақшаны не істейсің деп сұрасаң, жауап бере алмайды. Себебі ол оның ішіндегі “дерт”. Демек байлыққа көп ақшаға итермелеп тұрған – жоқшылық. Ашаршылықты өзі көрмесе де, бейсанасы сақтап қалған. Яғни ата-бабасынан бұл беріледі”, - дейді психоаналитик.

Маманның айтуынша, 90 жыл бұрын аш қалған халықтың әлі күнге дейін “аш қаламын” деген қорқынышы бар.

“Іштей жасқаншақтық пен қорқақтық болды. Ал қорқақ адам қорқақты тәрбиелейді. Бауырмалдыққа емес, “ешкімге сенбе, алдап кетеді” деп өсірді. Ол айналасы мен ертеңіне сенімсіз болғасын, өзін материалдық жағынан қамтамасыз етсем деп тұрады. Рухани байлықтан гөрі бірінші мансап қууға, дүние жинауға көп көңіл бөледі. Кезінде аш қалған адамның ұрпағы қомағай келеді. Сол үшін де парақорлық, жемқорлық кеңінен етек жайған”, - деді Мейіргүл Бимағамбетова.

Дереккөз: Stan.kz.

Фото: e-history.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутат Курултая:
«Статус врача – это вопрос биологической и национальной безопасности»
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Когда «нет» перестают слышать
Адвокат Асқат Сулубек о границе между заботой и насилием, отношениями и контролем, вниманием и преследованием
Дружба, ставшая искусством: Мари‑Пьер Лере выступит в Алматы в память о Денисе Тене
Ледники Центральной Азии потеряли 26 млрд тонн льда в 2025 году
Как сокращение ледников Тянь-Шаня и Памира влияет на водные ресурсы Казахстана и соседних стран
После землетрясения в Алматы: почему нельзя покупать и продавать недвижимость на эмоциях
Как страх меняет спрос на квартиры и дома, влияет на цену сделки и может стоить собственнику или покупателю миллионов тенге
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
ООН как зеркало раскола: почему главные договорённости всё чаще ищут за пределами Нью-Йорка
Протесты в Европе, атаки на аэропорты и танкер, разводы и скандалы
Главное в мире
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Китаист Алексей Маслов  о климате, ресурсах и новых правилах игры
Китай меняется - и соседям надо готовиться
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай