Президент қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

935 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 03 Мар 2024, 13:00

Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Читайте также
Қазақстанға АЭС салу қажет – сарапшы себебін айтты

"Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған болатын. Кейіннен республикалық басылым – "Арай" журналының, "Время-Дәуір" және "Эпоха" газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды.

Қазақстанның ардагер журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации", "Казахская драма" атты кітаптардың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы, "Аргумент и факты", "Вокруг света" сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.

Фото: facebook.com/Сейдахмет Куттыкадам.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Вице-министр МЧС проверил готовность в ВКО к паводкам