Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Нұрлан Ноғаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал жөнінде, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында қарастырылған іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.