Тергеу жалғасып жатыр
Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты заңсыз әрекеттің тағы бір эпизоды анықталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды.
Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.
Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қаржылық мониторнг агенттігі егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.
Фото: Instagram/@01pk
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!