?> ?>

Павлодар облысында қазақ сыныбынан жерінген ата-ана көп

1668 просмотров
0
Ратель
Четверг, 29 Авг 2024, 14:00

Себебі ол жердегі орта – орысша

Керекудегі қазақ мектептеріне баратын балалардың санын ұлғайту өте өзекті мәселеге айналып отыр. Ресми тіл соңғы жылдары өзінің өктемдігін жоғалтып, ана тіліміздің ықпалы күшейе түскенін мектептер өз пайдасына жарата алмай жатқаны байқалады. Тіпті Мичурин ауылында бірінші сыныпқа барған 21 оқушы орыс сыныбын таңдап, мектеп басшылығы қазақ сыныбына небәрі 2 баланы әупірімдеп жинаған, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс орталығына жақын орналасқан Павлодар ауданындағы оқушылардың қазақ тілінде білім алу көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Аудандық білім бөлімінен алынған статистикалық мәліметтерде алдағы оқу жылында Павлодар ауданы бойынша орта мектептерде 4 086 бала білім алады деп көрсетілген. Барлығы 24 мектеп бар болса, соның жетеуі ғана қазақ тілінде оқытады. Аралас мектеп саны – 13, орыс тілдегісі – 6. Мемлекеттік тілде білім алып жатқандардың үлесі 37 пайыздың айналасында, бұл – облыстық көрсеткіштен де төмен деген сөз. Ата-аналардың біразы былтыр қазақ сыныптарында оқитын балаларын жыл ортасында орыс сыныптарына ауыстырған жағдайлар тіркелген.

Ал мұндағы Мичурин ауылында биылғы оқу жылында қазақша бірінші сыныпқа баратын бала табылмай жатыр. Ал орысша бірінші сыныпқа барғандардың саны – 21 бала. Қызық болғанда, биылғы оқу жылында бұл мектепті қазақша тәмамдап шығатын сынып та жоқ көрінеді. Бізге бұл мәселені жеткізген ауыл тұрғыны, жергілікті кітапхана қызметкері Алтынай СЕСЕРХАН жуықта Қызылорда жақтан көшіп келген отбасы баласын амалсыздан орыс сыныбына бере жаздағанын ашына айтты.

- Мичурин мектебі аралас мектеп деген аты ғана, қазақ тілінде оқитын балалардың саны әрі кетсе бір сыныпта 7-8-ден, ең көбі 12-ден аспайды. Түптеп келгенде қазақша оқитындардың үлесі 15-20 пайыздай ғана болып қалар. Ең сорақысы, биыл бастауыш қазақ сыныбының бір мұғалімі жұмыссыз қалып қоюы мүмкін. Себебі мектепке қазақша бірінші сыныпқа баратын бала табылмаған. 4-5 ата-ана бергісі келген екен, оларды мектеп директоры Мичурин ауылдық балабақшасындағы мектепалды даярлық тобына беруге көндіріпті деп естідім. Негізі құжат жүзінде бұл балабақша 100 пайыз мемлекеттік тілде білім-тәрбие беретін мекеме деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде барлығы ресми тілде жүргізіледі. Мұнда барған балаларымыз үйге орысша сөйлеп келеді. Менің қызым бес жарым жаста, әлгі балабақшаның жоғары тобында жүр еді. Биыл мектепалды даярлық тобына апардым. Себебі әлгі топта жүре берсе, өз ана тілін ұмытып қалатынын түсіндім. Балабақша басшысының бүлдіршіндердің қазақ тілінде тәрбиеленбей жатқанына бас қатырып жүргені байқалмайды. Өзіміздің қаракөздеріміз орыс сыныптарына көп барады, - деп қынжылды ана.

Читайте также
Қасым, Жомарт, Кемел. Қарапайым қазақтар үшеміне осындай есім берді

Негізі Мичурин аулында 3 мыңға жуық адам тұрса, оның басым бөлігі – жергілікті ұлттан. Алайда олардың көбі орысшаға жүйрік, сайып келгенде балаларын да өзге тілде тәрбиелеп, мектептегі оқыту тілін таңдағанда бүйрегі ресми тілге бұрылып кетеді. Мәселенің ізімен Мичурин орта мектебінің басшысы Айнаш АБДЫМАНОВАҒА хабарластық.

- Біздің мектебімізде биыл 350 оқушы білім алады. 23 сыныптың 10-ы – қазақ сыныбы. Қазақ сыныптарында 110 бала білім алып жатыр. Білім ұясында биыл қазақ сыныбы ашылатынын сеніммен айта аламын. Екі бала тіркеуден өтіп қойған еді, үшіншісі дәрігерлік тексеруден өтіп жатыр. Орысша бірінші сыныпқа небәрі 21 бала қабылданып отыр. Олардың арасында екеуі қазақ отбасынан. Заң бойынша бір бала болса да сынып ашыла береді. Сондықтан биыл бірінші қазақ сыныбында үш оқушы оқытылады. Ал мектепті биыл мемлекеттік тілде тәмамдайтын сыныптың жоқ екені рас, - деп мәлімдеді оқу орнының басшысы.

Ал облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Асылбек ТУҒАНБАЙ Мичурин мектебіне барып, жағдаймен танысқан.

- Kazinform тілшісі тарапынан Павлодар ауданына қарасты Мичурин ауылының мектебіне қатысты сұрақ қойылған болатын. Осы жайттың жетегімен халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының атынан Мичурин ауылына арнайы барып, мәселенің мәнісін білдім. Мектеп директоры қазақ сыныбын ашатынын жеткізді. Жалпы, Мичурин мектебі озық білім ордаларының қатарында екен. Озық мектеп ретінде 50 млн теңге грантқа да ие болған. Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары бойынша үш жыл облыс көлемінде алғашқы орында. Әрине, қазақ сыныбында білім алатын, білім алуға ниетті балалар саны бойынша мәселе бар. Ол жалпы, аймақ бойынша ортақ мәселе деп ойлаймын. Бұл жағдайға жеке тоқталамыз, - дейді А. Туғанбай.

Павлодар аудандық қоғам­дық кеңестің төрағасы, билер кеңесі­нің мү­шесі Бақытбек БАТКЕЕВТІҢ сөзінше, қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылардың көбінде өз ана тілін меңгеру деңгейі төмен. Бала қазақ тілінде жазылған оқулықтан түк түсінбеген соң, оқытып жарытпайтыны белгілі. Осының салдарынан мектептердегі білім сапасы ақсайды. Кейбір ата-аналар амалсыздан орыс сыныптарына ауыстыруға мәжбүр. Қазақ сыныптарындағы бала тапшылығын қойып, бүгінде балабақшаларда мемлекеттік тілде тәрбиеленетін бүлдіршіндер де сиреген. Мысал үшін, Мичурин ауылындағы балабақшаның мектепалды даярлық топтарында қазақ тілді психолог жоқ. Аудан бойынша өзге де мамандар жетіспейді.

- Қазір балалардың ойнайтын, демалатын орындарының барлығы ресми тілде қызмет көрсетеді. Қарапайым мысалдар келтірейін. Жыл сайын жазғы демалыс лагерьлері ұйымдастырылады. Онда өтетін шаралардың көбі орыс тілінде. Аудан Павлодар қаласының іргесінде болғандықтан, балалардың барлығы шаһардың қалалық саябағындағы аттракциондарда ойнағанды ұнатады. Аттракциондарда қызмет көрсету – орыс тілінде. Балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру, көрнекі ақпарат, бәрі-бәрі орысша. Оларды тексеріп жатқан, мән берген ешкім жоқ. Қалалық мәслихат депутаттары мәселені білсе де, араласпай отырғаны таңғалдырады. Тағы бір көңілге ұнамайтыны, Павлодарда, жалпы облыста еліміздің, соның ішінде туған өлкеміздің тарихын бұрмалап, жер атауларын орысша насихаттайтын, онысын біздің балаларымыздың санасына құйып жатқан ұйымдар бар. “Павлодар география үйі” деген бірлестік жыл сайын қаракөз балаларды жинап алады да, Ертіс өзені үстімен серуендетіп, кезінде басқыншы орыс саяхатшылары картаға бұрмалап жазып кеткен жер атауларын насихаттайды. Жаз бойы Ертіс Променад сахнасында өтетін концерттер, мерекелік іс-шараларда мемлекеттік тілдің қолданыс табуы кемшін. Жалпы балалардың бос уақытын қамту, мәдени іс-шаралармен қамтуда қазақ тіліне орын бұйырмай тұр. Өзім туған Жертұмсық ауылында өлкетану және экология бағытында “Елім” атты балалардың жасағын құрған едік. Әкімдік өкілдері үстімізден арыз жазып жүріп, ақыр-соңы тобымызды таратып тынды. Өлкенің тарихын білмейтін жасөспірімнен патриот тәрбиелеп өсіру қиын. Осыны идеологияға, білім саласына жауапты органдар ескеретін уақыт жетті, - дейді Бақытбек Баткеев.

Аймақтың білім саласындағы статистикалық деректерге көз салып көрейік. 2024-2025 оқу жылында Павлодар облысында 360 жалпы білім беру мектебі жұмыс істесе, оның ішінде 137-сі – қазақ тілінде оқытатын мектеп (мектептердің саны, арасалмағы бойынша 2022 жылғы статистика өзгермеген). Оларда жалпы саны 118 мыңға жуық оқушы оқыса, 50 мыңнан астамы немесе 43 пайызы ғана қазақ тілінде білім алады.

Читайте также
Ресей орыстары Оралға жаппай көшіп келіп жатыр деген жалған хабар тарады

2022-2023 оқу жылында оқушы саны 114 мың еді де, қазақ тілінде оқитындар небәрі 38 пайыз болды. Көрсеткіш 5 пайызға өскен. Дейтұрғанмен мектептердегі бала санының артқанын ескерсек, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы керек еді деп ойлаймыз. Бұл жердегі мәселе негізінен аралас мектептерге қатысты екенін шамаладық. Себебі 100 пайыз қазақ тілінде білім беретін мектептерде жаңа оқу жылында 33 мың оқушы білім алса, аралас мектептердегі қазақ сыныптарында оқитын оқушылар саны – небәрі 17,5 мың бала. Ал аралас мектептерде орысша білім алатындар саны – 60 мың оқушы, яғни аралас мектептердегі әр үш сыныптың екеуі – орысша. Бұл жерде таза орысша оқытатын мектептерді санатқа қосқан жоқпыз. Облыста аралас мектептердің жалпы саны – 174. Олардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері мол шоғырланған Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында орналасуы түсінікті жағдай. Алайда кейінгі уақытта қаракөздеріміз көбейе бастаған Тереңкөл ауданында – 18, Ертіс пен Павлодар аудандарының әрқайсында – 13, Ақтоғай мен Железин аудандарында – 12, Аққулыда – 8, Успен мен Шарбақтыда – 6 аралас мектептен сақталып отырғаны көңілге қаяу түсіреді.

Өңірлік білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира БАШИРОВА 2022 және 2023 жылдары облыс бойынша мектеп табалдырығын аттаған 23,5 мың оқушының 43 пайызы қазақ тіліндегі сыныптарды таңдағанын айтады. Ал биыл 11 мыңға жуық баланың 45 пайызының таңдауы қазақ мектептеріне түсіп отыр. Бұл сәл де болса ұнамды статистика деп түйдік.

Алайда Успен, Шарбақты, Тереңкөл, Павлодар, Железин аудандарындағы қазақ сыныптарында оқитын оқушылардың контигенті өте төмен. Мысалы, Успенде 1852 оқушының 450-і (24 пайыз), Шарбақтыда 2 929 оқушының 1 083-і (36 пайыз), Тереңкөлде 3 208 оқушының 918-і (28 пайыз), Железиндегі 1 933 білім алушының 409-ы (21 пайыз), Павлодар ауданында 4 086 оқушының 1 535-і (37 пайызы) ғана мемлекеттік тілде білім алады. Көп өңірлер “аралас мектеп” дегенді жалаң ұран ретінде пайдаланатыны да байқалады. Әлгіндей мектептердің орыс сыныптарында оқитын балалардың саны қазақ тілінде білім алатындардан әлденеше есе көп. Мұндай мысалдар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларын айтпағанда, Железин, Тереңкөл, Шарбақты, Успен аудандарында жиі кездеседі.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Еркеғали ЖАНҒАЗЫ ана тілінде оқытатын мектептердің көсегесінің көгермей отырғанына мемлекеттік тетіктердің әлсіздігі себеп деп санайды.

- Бұл шындап келгенде мемлекеттік деңгейде маңыз берілетін мәселе болуы керек еді. Алайда біз күткендей шешімді қадамдар байқалмай отыр. Мәселен, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мемлекеттік тілді қолдаудың нақты үлгісін көрсетсе деп ойлаймын.

Екіншіден, біздің ғылымның ана тілінде сөйлемейтіні балаларымыздың өзге тілдердің жетегінде кетуіне себеп. Ащы да болса, шындық, соңғы 30 жылда қазақ тілді ғалым әлемдік деңгейде жаңалық ашты дегенді естімеппіз. Мектептерде ұлттық идеологияның жоқтығы, соның ішінде орыс сыныптарында қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттау жағы кемшін қалып жатқан уақытта мемлекеттік тіліміздің жағдайы босағада қала береді. Бұған қоса, қазіргі уақытта Ресеймен шекаралас аудандарымызда түлектер көрші мемлекеттің жоғары оқу орнын жағалап, реті келсе сол жаққа кеткісі келіп тұратын үрдіс қалыптасқан. Бұған өзіміздің отандық жоғары оқу орындары кінәлі. Ең әуелі студенттердің әлеуметтік жағдайы шешілмеген. Кеңес өкіметі жылдары бір ғана қазіргі Торайғыров университетінде 5 жатақхана болды. Ал қазір ше? Биыл балам Алматыдағы жоғары оқу орнына түсті. Бірақ жататын жатақхана жоқ. Осындай мәселелер оқыту тілін таңдауда балаларымызды жаңсақтыққа ұрындырады.

Үшіншіден, көп ата-ана ұлттық патриотизм дегеннен жұрдай. Кеше ғана ауылдан көшіп келген азаматтар біртіндеп орыс тіліне жүйрік бола бастайды. Себебі ол жердегі орта – орысша. Ол байланыс тілі біртіндеп отбасына орнығады. Түптеп келгенде әлгінің үйіндегі балалары біраз уақыттан соң орысша судай болып шығады. Қазақ мектебіне берейін десе, баланың тілі орысша шыққан. Амалсыздан өз ана тілін өгейсітіп, орыс мектебінің табалдырығынан аттатқызады. 2020 жылы Павлодар қаласында Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп ашылды. Таза қазақ мектебі ету үшін өзге азаматтармен бірге жүгіріп жүріп, сорақы жайттарға кезіктік. Өзім сөйлескен 600 ата-ананың небәрі 6-уы ғана баласын қазақ тілінде оқытуға ықыласты екенін естігенде, төбемнен жай түскендей болған. Мұндай жайттарды тізе берсек жетерлік, - дейді қоғам белсендісі.

Өкінішке қарай, жоғарыдағы сүрең­сіз жайттар жергілікті билікті онша-мұнша ойландыра қоймайтындай. Орыс және аралас мектептеріне мемлекеттік тілге қатыс­ты талаптардың дұрыс қойылмауы, мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған атқарушы органдардың мәселеге мән бермеуі осындай сұрықсыз жағдайға жеткізген. Бұл статистиканы жақсы жағына қарай өзгертуге білім беру бөлімдерінің жоспарлары да жоқ секілді. Ал жергілікті мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары бұл мәселені ашық айтудан жүрексіне ме?

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




?> ?>
первый заместитель главы Антикора
Большинство госслужащих – порядочные люди, я отвечаю!
Как получить автомобиль, не потратив ни тиына на его покупку
Лизинговая компания Astana Motors Finance позволяет клиентам использовать новый автомобиль без капиталовложений
Как Ratel.kz ловит на вранье чиновников: от должностных лиц Верховного суда до руководителей городских управлений
Почему очень важно внимательно читать и анализировать ответы госорганов на запросы СМИ
Устроивший ДТП мопедист признан свидетелем аварии
В Алматы судят водителя минивэна, не сумевшего увернуться от мопеда с пассажиром
Акционеры Кашагана предлагают обменять экологический штраф на социальные инвестиции
Eni, Shell, Exxon Mobil и TotalEnergies предложили правительству Казахстана инвестировать 110 млн долларов в социальные проекты на территории страны
Как год за годом снижается уровень жизни казахстанцев
Доля бедных в Казахстане начала расти ещё в 2017 году, до того, как пришел Covid-19
Саудиты и их давние кульбиты
Эр-Рияд намерен начать ценовую войну, чтобы сохранить свою долю рынка
Как прожить 104 года и сохранить ясный разум: секрет Марии Глазовской
Занимательная история Казахстана от Андрея Михайлова
Талхиз. Выхода нет?
Нужен ли нашей стране  памятник ЮНЕСКО и может ли он когда-нибудь стать популярным туристическим объектом
Экзотический спорт Карима Масимова не хотят финансировать
Помимо экзотических видов спорта, под раздачу попадут и вполне традиционные – всего 62, которые предлагается больше не финансировать из бюджета
Актюбинского депутата, травмировавшего жену, никак не наказали
Слуга народа, отец четырёх детей, сломал жене кисть
В ВКО Центр матери и ребёнка признали монополистом и оштрафовали за высокие цены
Горячие споры в судах двух инстанций возникли из-за стоимости услуг на выбор акушерки на роды вне рабочего времени и сопровождение родов врачом во внерабочее время
В Алматы на участке №125 к 10 утра проголосовало порядка 300 человек
Прогноз на день – более 1000 человек
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Президент и крестьяне
Земельные кадастры - как инструмент восстановления справедливости (или передела незаконно захваченного)
Казахская сказка о мальчике Бату стала хитом Amazon
Книга как отложенное оружие мира
Ратель. Лучшее за 2022 год. Аналитическая служба Ratel.kz
Ratel.kz публикует самые читаемые материалы авторов сайта за прошедший год
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.