Павлодар облысында ауыл халқын маса талап жатыр

1110 просмотров
0
Ратель
Вторник, 20 Мая 2025, 14:00

Облыс билігі шыбын-шіркейге қарсы өңдеуге 2024-2026 жылдарға 7,8 млрд теңге бөлген

Ертіс өзені бойында орналасқан ауылдардың халқы шыбын-шіркейді шабуылына ұшырап жатыр. Қансорғыштар күндіз-түні буып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Керекуде биыл мамыр айы ыстық болғаны байланысты, шыбын-шіркей ерте қанаттанғаны байқалды. Қазіргі уақытта қансорғыш жәндіктер жергілікті тұрғындардың құтын қашырып тұр.

Читайте также
Отандық киноиндустрияға бес жылда 19 млрд теңге бөлінді

Әсіресе, Ақтоғай ауданына қарасты Жаңабет, Мүткенов, Жоламан және тағы басқа ауылдардың халқы шыбын-шіркейдің қарасы биыл тым көп екенін айтады.

“Сары маса да, шіркей де құжынап кетті. Буып өлтіріп барады. Күндіз-түні ауыл ішінде жүруден қалдық. Мал қарап келуге шыға алмаймыз. Балаларымыз далаға шығып ойнай алмайды, мектептен үйге жеткенше таланып келеді. Жағдай бұлай жалғаса берсе, қиын болатын түрі бар. Билік органдары миллиардтаған қаражат бөлдік, шыбын мен шіркейді жерден де, әуеден де улап жатырмыз деп есеп береді. Алайда оның нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Жыл сайын осылай, масамен әлек болып жүріп жаздың қалай өткенін білмей қаламыз”, деп мұңдарын шақты ауыл тұрғындары.

Ал мамандар биыл күн күрт ысығандықтан шыбын-шіркей әдеттегіден ерте көбейіп кетті дейді. Ғылыми топтың фенологиялық зерттеулері бойынша қансорғыштарға қарсы өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

- Ертіс өзені бойында жалпы саны 60 ауылдық елді мекен орналасқан. Қазір уақытта жауапты мердігер әуеден де, жерден де, өзен үстінен де өңдеуді бастап кеткен. Әсіресе, қанаттанып үлгерген сары масаға қарсы ауылдық елді мекендерде барьерлік өңдеу жүргізілуде. Ол дегеніміз арнайы препарат термогенераторлар, аспалы сепкіш және автокөлікке орнатылған қондырғылар арқылы шашылады. Ғылыми топтың кеңесі бойынша бұған дейін Ертіс ауданының жайылмада орналасқан ауылдарында өңдеу жасалды. Енді бүгіннен бастап Ақтоғай ауданына қарай ойысамыз. Өңдеу жұмыстары бұл бір реттік қана іс-шара емес, ол уақыт сайын қайталанып отырады, - дейді өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр ҚАЙЫРКЕНОВ.

Басқарма өкілі бұған қоса шіркейдің әлі де қанаттанып үлгермегенін алға тартты. Айтуынша, 14-15 мамыр күндері өзен үстінде химиялық препараттар төгілген. Егер шіркей қаптайтын болса, оны Павлодар, Ақсу қалаларының тұрғындары алғашқы болып сезер еді. Сондықтан шіркейдің қанаттануы мүмкін емес дегенді алға тартты.

Читайте также
Петропавлда жарты млрд теңгеге жөнделген көпір қирай бастады

Алайда ақтоғайлық тұрғындар шіркейдің ерте қанаттанғанын айтады. Бұл жағдайдан жауапты мекемелердің хабардар болмай отырғанына өкпелі. Егер өзен үстінде өңдеу жұмыстары ертерек қолға алынғанда жағдай бұлай болмас еді деген сенімде көпшілік.

Шіркейдің адамдарды талауы былай тұрсын, қара бұлттай төніп келетін оның шабуылынан үй құстары, жас төлдер тырапай асып өліп қалады. Өрісте мал жайылудан қалып, көктемнен көтерем шыққан ірі қаралар шіркейдің зобалаңынан арам қатқанын да көргенбіз. Қысқасы, мамыр-маусым айларында еліміздегі ең ұзын өзен бойын қоныс еткен ауылдар мен шаһарлар үшін бұл қансорғыштар кәдімгідей үлкен проблема. Шілденің ортасына дейін ызыңдап есті шығаратын сары масаның әлегі тағы бар.

Облыс билігі шыбын-шіркейге қарсы өңдеу шаралары бойынша 2024-2026 жылдарға 7,8 млрд теңге бөлген. Оның шамамен 2,6 млрд теңгесі биыл игерілуі керек.

Фото: Видеодан алынған скрин.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Невидимое братство независимой страны
Интервью с Великим Мастером Великой Ложи Казахстана Айдаром Алпысбаевым ко Дню Независимости
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Повышение Балаевой: гуманитарный блок получает расширенные функции
Назначение министра культуры и информации вице-премьером вписывается в обновлённую архитектуру внутренней политики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером