Оқушыларға – ыстық тамақ, директорға – ақша

2468 просмотров
0
Данил Шемратов
Суббота, 26 Окт 2024, 12:00

Пара алған мектеп директорына үкім шығарылды

1983 жылы туған Нұрали АРЫСЛАНОВ "Ыбырай Алтынсарин атындағы №17 жалпы орта білім мектебінің" директоры болған еді.

Енді ол Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігі бойынша (ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танылды.

Читайте также
Жетісайда бастық болған 65 жастағы зейнеткер пара алды

Тергеу барысы мен сот барысында анықталғандай, мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 25 жоғары сынып оқушысы болған, олар тегін тамақпен қамтамасыз етілуі тиіс еді. Олардың тамағына ай сайын 50 мың теңге бөлінетін. Ыстық тамақты 2017 жылдан бері мемлекеттік бағдарламалар бойынша тендерлерді алып жүрген кәсіпкер қамтамасыз етіп отырған.

2023 жылдың желтоқсан айында мектеп директоры әй-шәй жоқ, кәсіпкерден төрт айдың атқарылған жұмыс актілеріне қоятын қолы үшін 200 000 теңге талап еткен. Кәсіпкер директор көрсеткен банк шотына қажетті соманы аударған, бірақ одан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке арызын айтып келді.

Нұрали Арысланов өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді мойындамай, кәсіпкерді арандатушы деп атады. Оның айтуынша, оқушыларға ыстық ас ретінде бірінші және екінші тамақ берудің орнына кәсіпкер гамбургер береді-мыс.

Істі қараған судья Мақпал ЖҮНІСОВА тергеу материалдарын зерттеп, куәгерлерді тыңдаған соң мектеп директорына тағылған айыптардың дәлелденгені туралы қорытындыға келді. Сот экс-директордың әрекеттерінен жазаны ауырлататын мән-жайларды таппады. Алайда айыпталушының кінәсін мойындамауына байланысты сот оны тек қоғамнан оқшаулау арқылы түзету мүмкін деп шешті.

Сот үкімі – орташа қауіпсіздік мекемесінде үш жыл бас бостандығынан айыру.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: © Ratel.kz / Айдын Олжаев.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
От легенды советского здравоохранения до руин: судьба госпиталя для ветеранов в Алматы
Минздрав РК объяснил, почему не реконструируется госпиталь для инвалидов Отечественной войны
От автоспорта до звания академика: путь общественного деятеля Александра Белянова
Международная полицейская ассоциация – Япония, Испания, США и другие страны
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай