Оңтүстікте шегіртке қаптады: 1 мамырға дейін улап бітпесе, күрес зая кетеді

1652 просмотров
0
Ратель
Суббота, 26 Апр 2025, 12:00

Бір шегіртке 100-ге жуық тұқым қояды

Түркістан облысы жыл сайын шегірткеден зардап шегеді. Әсіресе, нәсібін жер анадан терген шаруалар үшін жағдай қиын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн санап көгертіп отырған егістігін қорғамаса, қып қызыл шығынға батары анық. Сондықтан, өңірде шегірткемен күресу көктем басталысымен қолға алынатын кәсіпке айналып барады. 

Шегіртке дернәсілдерінің алғашқы шығуы 3 сәуір күні Арыс қаласы аумағында анықталған. Қазір жұмысшы топ 24/7 режимінде жұмыс істеп жатыр.

Бұл бағытта арнайы техникамен қатар дрондар және АН-2 ұшағы жұмылдырылған. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

- Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары 372 мың га аумаққа жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Әр ауданға облыстық басқармалар мен мекеме басшыларынан жауаптылар бекітілген. 4 жедел штаб құрылып, жұмыс күші жасақталды. Жалпы, шегіртке зиянкесіне қарсы 1058 мың га аумақты зерттеу жоспарланған. Қазіргі таңда 605,5 мың га зерттелді. Оның ішінде 250 мың га аумақ экономикалық зиянды шегінен асты. Бүгінгі күнге 242 мың га жер өңделді, - делінген Түркістан облысы әкімдігі ұсынған ақпаратта.

Шегіртке зиянкесі 9 ауданның аумағына қоныстанған. Әсіресе, Арыс қаласы мен Сарыағаш, Келес аудандарының аумағында көп байқалған. Бүгінде ондағы жайылым жер алқаптары 65 аймаққа бөлінді.

Жұмысшы топ та жасақталып, өңдеуге кірісті. 2 990 жайылым жер иелеріне хабарлама берілді. Сонымен қатар, 65 жұмысшы топты тасымалдауға көлік қарастырылды.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

Су жеткізуге 45 арнайы автокөлік бөлінсе, жанар-жағармай жеткізуге 30 арнайы автокөлік әзірленген.

Жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету аудан-қала әкімдіктері мен демеушілер тарапынан ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ, анықтаушылар мен химиялық улы препаратпен жұмыс істейтін азаматтардың денсаулығы тұрақты бақылауға алынған.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

- Алғашқы анықталған дернәсіл сатысында аспалы бүріккішпен өңдеу тиімділігі анықталып, жалпы 861 дана аспалы бүріккішпен жұмыс жасалды. Химиялық өңдеу жоспарының 317,8 мың гектарының 273-і жерүсті бүрку техникасымен атқарылды. Ал 54,2 мың гектар аумақта 4 АН-2 ұшағы жұмыс істеді. Қосымша 41 техника, 5 газогенератор, 12 дрон жұмылдырылды. Химиялық өңдеуде “Тиаметрин”, “Каратэ” препараттары пайдаланылып жатыр, - дейді әкімдіктен. 

Шегірткемен күреске арнайы мамандармен қатар жергілікті тұрғындар мен еріктілер де көмекке келген. Олар негізінен дернәсіл ошақтарын анықтап, белгі қойып кетеді. Содан кейін мамандар өңдеу жұмысын жүргізеді.

Жайылым иелері де күнделікті нысан басында. Химиялық өңдеушілерге көмектесіп, қол ұшын беріп жүр. Соның бірі – Жұман ҚАЛДАРБЕКҰЛЫ.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

- Биыл өңірде шегірткемен күрес қарқынды жүріп жатыр. Алдыңғы жылға қарағанда көлемі азайды. Техника келіп, зиянкестерді жойып жатыр. Басы-қасында жүрген барша адамға рахмет, - дейді ол.

Ал, Әуезхан НАЗАРҚАСЫМҰЛЫ атты қоғам белсендісі әлеуметтік желіде шегіртке дернәсілдердің екінші толқыны келіп жеткенін жазып дабыл қақты.

- Арыс өңірінде шегіртке шабуылы талайды әуреге салып жатыр. Табиғи апатпен күрес толастамай тұр. Болса да мұндай майданда жергілікті халық та бірге жұмыс істемесе іс қиынға шауып кетуі мүмкін. Дәл қазіргі кезеңде мамандар күн-түнге қарамай еңбек етуде, - дейді ол. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат ОРЫНБАЕВ шегірткені түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес дейді.

- Бір шегіртке 100-ге жуық тұқым қояды. Яғни, бір шегірткеден 100 шегіртке тарайды деген сөз. Химиялық өңдеу барысында қалып кеткен бірен-сараң шегірткенің көп ұзамай-ақ қайтадан көбейетінінің себебі осы. Сондай-ақ, шегірткелер үнемі көшіп отырады. Көк шөп іздеп егістікке түседі. Содан сарғайтып, құрғатып жібереді. Көшіп жүргеннен кейін дәрілейтін аумақтың да көлемі арта береді, - дейді Марат Орынбаев. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

Сондай-ақ, ол шегірткелердің бұл аймақта бұрыннан болғанын жеткізді.

- Ата-бабамыз ошағын анықтаған кезде жерді қазып, құрғақ шөп салып, өртеп жіберіп отырған. Кейін “дуст” деген химиялық қоспа қолданылды. Сол кездері қатты әсер берген. Дегенмен, ол адам денсаулығына, экологияға теріс әсер ететіндіктен қолданыстан алынып тасталды. Қазіргі қолданылып жатқан химикаттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны жоқ, - дейді Марат Орынбаев.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, 1 мамырда шерітке дернәсілдері ересек кезеңіне өтеді. Соған дейін дәрілеу жұмыстары да толығымен жүргізіліп бітуі тиіс.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Суд над журналистом: где проходит граница частной жизни?
В Алматы рассматривают дело Олега Гусева, обвиняемого в разглашении персональных данных активистки
Комсомольское прошлое и настоящее
Почему обречен на забвение мемориал близ Алматы
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Трехлетний бюджет: Казахстан входит в 2026 год с кучей нерешенных проблем
Экономику держат на плаву за счет новых заимствований и старых схем
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Сырьевая модель отечественной экономики дает сбой
Казахстан экспортирует меньше, а потребляет больше
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента