Отандық киноиндустрияға бес жылда 19 млрд теңге бөлінді

1115 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 19 Мая 2025, 14:00

Бұл қаржыға 98 фильм түсірілді

Елде киноиндустрия саласына бөлінген қаражат дұрыс игерілмей келеді. Кейінгі бес жылда “Ұлттық киноны қолдау орталығы” арқылы 103 жобаға мемлекеттен 19 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазынадан бөлінген сомаға 10% мөлшерде режиссерлердің гонорары да төленгенін қоса кеткен жөн, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл қаржыға 98 фильм түсірілді. Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген талдау көрсеткендей, олардың басым бөлігі көрерменге жетпеген. Прокатқа шыққаны – небәрі 23 картина.

Читайте также
Қырғыз киносы қазақтардың төбе шашын тік тұрғызды

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік қолдауға ие болған фильмдердің көпшілігі фестивальдер мен конкурстар үшін түсіріледі. Режиссерлер көп жағдайда жеке амбицияларына басымдық беріп, аудитория сұранысын ұмытып кетіп жатады. Бүгінге дейін кассалық жинақ көлемі небәрі 1,5 млрд теңге.

Мәселен, бюджеттен 500 миллион теңге бөлінген “Бесмойнақ” фильмі әлі күнге дейін көрермен назарына ұсынылмаған.

“Бату. Тарихи детектив” атты киноға 192 млн теңге бөлінген. Жоба 2021 жылы аяқталған, бірақ қалың көрермен бұл фильммен де таныс емес.

Ал “Боксер” фильміне 900 миллион теңге беріліп, прокатта небәрі 25 миллион теңге жинаған.

“Жизнь” картинасының түсіріліміне бөлінген 500 миллион теңгенің 650 мың теңгесі ғана қайтқан.

Режиссер Бекболат ШЕКЕРОВТЫҢ “Лето 1941-го года” көркем фильмін түсіруге 697 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Кассада туынды тек 40,6 млн теңге жинады.

340 млн теңгеге түсірілген “Бүркіт” фильмінен небәрі 254 мың теңге түскен.

Анимация саласы да көрерменге жол таппаған. Кейінгі бес жылда түсірілген мультфильмдердің басым бөлігі әлі күнге дейін прокатқа шықпаған. “Кенже қыз” туындысына 232,8 млн теңге бөлінген, “Караван историй” мультфильміне 213,9 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілсе, “Бесік жырына” 32,4 млн теңге берілген.

Сондай-ақ министрлік қазір жағдайы ақсап тұрған “Қазақфильм” мемлекеттік киностудиясына қолдау көрсетпек. Бұл қазақстандық кинематографияның әлемдік аренадағы орнын нығайтуға және дарынды қазақстандық кинематографистердің жолын ашуға мүмкіндік бермек.

Фото: 24.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Экспортировано 5,8 млн тонн зерна нового урожая