Қостанайда бас дәрігер мас күйде көлік рөлінде ұсталып қалды

1811 просмотров
0
Ратель
Четверг, 26 Июн 2025, 13:30

Оқиға 22 маусымға қараған түні, жеке уақытта, демалыс күні болған

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды деп жазды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Читайте также
Мас күйде көлік жүргізген полицияның полковнигі ұсталды

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушысына қатысты автокөлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін сот әкімшілік қамау жазасын тағайындағанын растады. Оқиға 22 маусымға қараған түні, жеке уақытта, демалыс күні болған.

Басқарма бұл оқиғаны азамат ретінде мінез-құлық нормаларын бұзу деп бағалап отыр, бірақ кәсіби міндеттерін атқарумен байланысты емес екенін атап өтті.

- Сот шешімі орындалған соң, қызметкермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, тиісті кадрлық шешім қабылданады. Біз әрбір азаматтың, лауазымына және мәртебесіне қарамастан, жеке жауапкершілікке ие екенін және заң алдында бәрі тең екенін айтқымыз келеді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметі бас дәрігерге 15 тәулік әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалғанын мәлімдеді.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Іс материалдарында медициналық куәландыру қорытындысы, тоқтату орнынан бейнежазба және полиция қызметкерлерінің рапорты ұсынылған. Медицина мамандарының қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған.

Фото: Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай