Қостанай облысындағы дала өртін бүгін-ертең толық сөндіреміз – Юрий Ильин

1406 просмотров
0
Ратель
Вторник, 06 Сен 2022, 12:00

Министрдің айтуынша, Қостанай облысындағы өртпен күресте бірнеше құзырлы мемлекеттік орган жұмыла жұмыс істеп жатыр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий ИЛЬИН Қостанай облысындағы өртпен күрес барысынан мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үйлер салып береді – мемлекет басшысы

"Жел көтеріліп, өрт одан сайын өршіп кетті. Елдімекен тұрғындары эвакуацияланды. Дәл қазір ауылдарға қауіп жоқ. Тілсіз жаумен күресте жер және әуе қызметі қоса жұмыс істеп жатыр. Төрт бірдей тікұшақ іске қосылды", - деді Юрий Ильин тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Министрдің айтуынша, Қостанай облысындағы өртпен күресте бірнеше құзырлы мемлекеттік орган жұмыла жұмыс істеп жатыр.

"Өрттің аумағы бірнеше ондаған гектарды құрайды. Қарқынды жұмыстың арқасында тілсіз жаудың бетін қайтарамыз деген ойдамын. Аманқарағай елдімекені ерекше назарда, өрттің қайта тұтанбауын арнайы қызмет қадағалап отыр. Себебі желдің беті қайтпай тұр. Бүгін, ертең өртті толық сөндіреміз деп отырмыз. Одан әрі орман шаруашылығы комитетінің қызметкерлері жағдайды бақылайды", - дейді ол.

Еске салсақ, Қостанай облысында 2 қыркүйектен бастап өртпен күрес жүріп жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездескен еді.

Фото: пресс-служба МЧС РК.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Нападение и грабеж в продуктовом магазине раскрыто в Алматы