Қостанай облысында 5 ауылдың маңында орман өрті сөндіріліп жатыр

1666 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 05 Сен 2022, 12:45

Қазіргі таңда Новонежин ауылында Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің көмегімен зардап шеккендерді қабылдайтын шатырлар тігілген

Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы 5 ауыл аумағында өрт сөндіріліп жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігі жанынан ақпараттық штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қостанай облысындағы өрт салдарынан ер адам көз жұмды

"5 қыркүйек таңғы сағат 09:00-дегі ақпарат бойынша орман аумағындағы 5 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары. Өрт шарпыған жердің жалпы көлемі 5 шақырым", - делінген ақпараттық штаб таратқан хабарламада.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша бүгін Әулиекөл ауданының аумағында 31°C шамасында жоғары температура сақталады.

Желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.

Ақпараттық штаб дерегінше, қазіргі таңда Новонежин ауылында Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің көмегімен зардап шеккендерді қабылдайтын шатырлар тігілген.

Өртті сөндіруге 224 техника мен 7 әуе кемесі жұмылдырылған. Сондай-ақ, жеке құрамның 1893 адамы қызыл жалынды ауыздықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан 98 үй өртеніп кеткен.

Сондай-ақ, тілсіз жау 1936 жылы туған бір тұрғынның өмірін жалмады. Ал өрт кезінде 10 адам жарақат алды. Оның төртеуі қазір ауруханада жатыр.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай