Nazarbayev.kz домені қаңырап қалды, деп хабарлады WHOIS сервисі
Қазақстанда елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты ашылмай қалды. Сайт доменімен кіргенде бос бет шығып тұр, деп хабарлайды Курсив.
Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ресми ақпаратпен, оның халыққа үндеулері жария болып тұратын nazarbayev.kz порталы елде мүлдем ашылмайтын болды.
Айтпақшы, elbasy.kz домені де дәл қазір бос тұр.
Енді кез-келген Қазақстан азаматы бос тұрған бұл домендерді өзіне сатып ала алады.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР