Минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатыр – Алматы дәрігерлері дабыл қақты

2135 просмотров
0
Ратель
Суббота, 07 Авг 2021, 12:45

Бүгінде 14 жасқа толмаған 200-ден астам бала инфекциялық ауруханада емделуде, жастардың да вирус жұқтыруы жиіледі

Алматыда әр минут сайын екі науқас ауруханаға түсіп жатыр. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Читайте также
Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

"Соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Оған "дельта" штаммы себеп болып отыр. Ол өте жұқпалы болғандықтан, жағдайы асқынып, көп адам ауруханаға жатуға мәжбүр. Жастардың ауруханаға түсуі жиіледі. 14 жасқа толмаған 200-ден астам бала инфекциялық ауруханада емделіп жатыр", - деді Табынбаев.

Оның сөзінше, қалада 7 625 төсек-орын бар. Оның 67%-і науқастарға толы. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 190 адамның жағдайы ауыр. 385 науқас жансақтау бөлімінде.

"Қазір күнделікті 700 адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Науқастар күндіз сағат 1-2, кешкі сағат 8-10 арасында көп түседі. Бұл уақытта сағатына 130 адам ауруханаға келеді. Демек, бір минутта екі науқас ауруханаға жатқызылады", - деді басқарма басшысы.

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қала дәрігерлері тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.

Айта кетері, соңғы 7 күнде алматылықтардың 30%-і сауда орындарында, 18%-і отбасындағы байланыс кезінде, 15%-і қоғамдық көлікте, 13%-і базарда, 4,6%-і демалыс саябақтарында, 4,1%-і дәріханада, 3%-і вирусті қала маңына сапарлау кезінде жұқтырған.

Фото: РИА Новости.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай