Министр Цой коронавирустан қайтыс болған туыстары жайлы айтты

1753 просмотров
0
Ратель
Четверг, 27 Мая 2021, 17:55

Ведомство басшысы үкіметтегі әріптестерінің барлығы дерлік ресейлік вакцинаны салдырғанда, неге отандық QazVac-ты таңдағанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзі вирус жұқтырмаса да, кейбір туыстары коронавируспен ауырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Журналист Нартай Аралбайұлы министрден "туыстарыңыз коронавируспен ауырды ма" деп сұрады.

Читайте также
Белгілі ақын, хореограф Дүйсенбек Нақыпов өмірден өтті

"Иә, әрине. Бірақ менің отбасым, яғни балаларым ауырған жоқ. Туысқандарым ауырды, өкінішке қарай, қайтыс болғандар да бар", – деді Цой Аралбайұлының YouTube-каналына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы үкіметтегі әріптестерінің барлығы дерлік ресейлік вакцинаны салдырғанда, неге отандық QazVac-ты таңдағанын түсіндірді.

"Мен әу бастан қазақстандық вакцинаны қолдағым келді. Өйткені халық сенуі керек. Өкінішке қарай, біз көп жағдайда шет елдерде өмір керемет, бәрі тамаша деп ойлаймыз, соларға қызығамыз. Бірақ бізде де әдемі жерлер көп, мықты дәрігерлеріміз де баршылық. Мен отандық вакцинаны әзірлеген институттың үлкен потенциалын байқадым. Бұл институттың тарихы алпыс жылдан асады. Кеңес одағы кезінен бері өте күрделі технологияларды әзірлеп келеді. Вакцинаның алғашқы нәтижелерін, клиникалық зерттеулерді көрдік. Сол себепті қолдау көрсеттім", - деді министр.

Цойдың пікірінше, болашақта QazVac вакцинасына шет елдерден сұраныс артады.

QazVac – инактивацияланған вакцина, яғни коронавирустың жойылған вирусы қолданылған. Препаратты білім және ғылым министрлігіне қарасты биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі.

Вакциналау 2 кезеңнен тұрады: бірінші және екінші дозаның арасы – 21 күн.

Қазақстанда вакцина 18 жастан асқан адамдарға салынады, 18 жасқа дейінгі балалар үшін оның тиімділігі мен қауіпсіздігі әлі зерттелмеген.

Фото: informburo.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Масштабный форум против сталкинга прошел в Шымкенте