Маңғыстауда жер асты суы көтеріліп, үйлерге кіріп жатыр

1762 просмотров
0
Ратель
Среда, 12 Мар 2025, 14:00

Бұл мәселе үш жыл бұрын басталды

Жер асты суынан Атамекен ауылдық округіндегі Көктем, Болашақ және Шағала тұрғын үй массивтері зардап шеккен. Су 13 үйдің ауласына және 7 үйдің ішіне кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үйіне су кірген тұрғындардың бірі – Жұмағали ҚОНЫСОВ мұндай жағдайдың алғаш рет болғанын айтады. 

Читайте также
Талдықорғанда зиратты су басты

- Күніне 1-2 көлік су сорғызбасам болмайды. Мына көршілерім үйлерінің астын биіктетіп, салып алды. Менің үйім ортада, ойда қалып отыр. Сондықтан су біздің үйдің алдына жиналады. Енді міне, ішке де кірді. Үйде отыру мүмкін емес, - дейді Жұмағали Қонысов. 

Тұрғындардың сөзінше, жер асты суының көтерілуіне қардың еруі себеп болған. Мол суды дренаж жүйесі игере алмаған.

Ал, коммуналдық қызмет шақыртуға келіп болмайды. 

- Бұл мәселе үш жыл бұрын басталды. Жауын, қар жауса болды, көретін күніміз осы. Дренаж жүйесін орнаттық дейді, ол бірде істесе, бірде істемейді. Қайта-қайта қоңырау шалып, су соратын көлік шақырамыз. Көшіп кетейік десек, бұл үйлер енді өтпейді, - дейді ауыл тұрғыны Марал АМАНИЯЗОВА. 

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрхан МҰСТАФАЕВТЫҢ айтуынша, 6-наурыздан бастап тұрғындардан 150-ге жуық шақырту түскен. Бүгінде барлығына мамандар барып, су сору жұмыстарын жүргізген. 11 мың текше метр су шығарылған. 

- Жер асты суы көтерілмеу үшін, орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргіземіз. Дренажды жүйелер соған қосылады. Жобалық сметалық құжаты әзір. Сәуір айының ортасына дейін сараптамадан оң қорытындысын аламыз деп жоспарлап отырмыз. Сосын бюджетке қаржыландыруға ұсынамыз. Жобаның құны – 4 миллиард теңге, - деді аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаев. 

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақта елді-мекендерді су басу қаупі жоқ. Тек Мұнайлы, Бейнеу аудандары мен Жаңаөзен қаласында жер асты суы мәселесі бар.

Фото: Аягөз Ізбасарова / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана