Мақтаншақтықты қазақтың пайдалы қасиеті қылуға болады

1968 просмотров
0
Марат АСИПОВ
Четверг, 08 Авг 2024, 09:00

Шетелдің реформаларын дұрыс көшіре алмай қиналғанша, экономикалық серпілістің қазақша моделін неге құрмаймыз

"Жаңа Қазақстан" деген жап-жақсы ұран екі-ақ жылдың ішінде күлкілі сөзге айналып кетті. Таң қалатын түк те жоқ, өйткені "Жаңа Қазақстан" құру үшін ең бірінші "жаңа қазақтар" керек.

Елде шынымен жаңа дейтін қазақ әзірге көрінбей тұр. Не азайған ұрлық жоқ, іші пысқанда әйелін сабау әлі де жай біреудің де, бай біреудің де сүйікті тірлігі болып тұр. "Заңмен жүрейік" деп қанша жерден ақыл соққанымен, әркімге қара басына келгенде өз мәселесін ескі жолмен, "бармақ басты көз қыстымен" шешкен қолайлы.

Ауруы қалса да әдеті қалмаған қазақты қалай айналдырсаң да ол "жаңа қазақ" емес екен.

Аудандық судья алдына келген параны алмай қойса, білім бөлімінің басшысы бюджетті жымқырмай қойса дегенді көз алдыңа елестету мүмкін емес. Қалай бұл? Жылдар бойы басшылыққа жағымпазданып, дастарқан басына енді жеткеніңде сен қалайша жемеуің керек?

Біздің қоғамда пара деген әлеуметтік әділдік, жолыңды ашатын мүмкіндік. Біреуге пара беретіндей мұршаңның болғаны – сенің сыйлы екеніңді, жастарға үлгі болар ел ағасы екеніңді көрсетеді.

Читайте также
"Қазақтар ұйғыр мен қалмаққа жақын": Қытай ғалымдары генетикалық зерттеу жүргізді

Ескі Қазақстанның серкелері де, кәдімгі ескі қазақтар да ештеңе болмағандай ұрлап та, жеп те жүр. Тіпті ұсталған жағдайда да "жаңа Қазақстанмен" келісіп, береріңді беріп құтылу қиын емес екеніне көздері жетті. Қоғамдық қатынастың отыз жыл бойы тоқтамай келе жатқан қозғалтушы күшін жойып тастау мүмкін емес. Уақыт белдеуін өзгерту де көмектеспеді, үкіметтің одан басқа ұсынатын түгі жоқ.

Заңды белден баспайтын жаңа қазақтар өсіп шыққанша бұл елде еш өзгеріс бола қоймас. Жаңа қазақтар іріктеліп болғанша тағы екі-үш буынның ауысуын күтуге тура келеді. Бірақ ұяда не көрсең, соны ілесің деген бар, жемқорлар қоғамынан жемқор еместердің өсіп шығуы қайдам шығар. Сол екі ортада мұнай мен басқа да табиғи ресурстарымыз таусылып қалса, қазақ өзін таппай-ақ кетер ме екен.

Бірақ қазақты құтқаратын бір күш бар. Ол – біздің мақтаншақтығымыз.

Оны ұлы классигіміз Мұхтар ӘУЕЗОВ дөп басқан. Ол "Абай жолындағы" Бөжейдің асында суреттелген. Абай табақ тартуға өңшең жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қос табақтан алып, қатар ызғыта жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады.

Қазіргі бағамен есептегенде, Абай сол асқа кем дегенде жарты миллион долларды шашты. Атырапта талайдан болмаған асымен-ақ аңыз боп қалды. Абайдан қай жеріміз кем, атақ пен абырой кез-келген қалыпты қазақ үшін өмірінің мәні.

Кешегі президент НАЗАРБАЕВ қара басының қамы үшін ірі мұнай кеніштерін тиімсіз келісімшарттармен бере салды, ол келісімдер әлі күнге құпия.

Биліктің барлық деңгейінде солай болды: қазақ қымбат жылтырақтармен мақтану үшін, өзі өзгеден ерекшеленуі үшін қолында тұрғанда небір келісімшарттарға оңды-солды қолын қойды. Қазақтың пара алуына, заң бұзуына, соңғы айфон үшін тәуекелге баруына мақтаншақтығы себеп.

Бұл жойылмайды.

Ендеше оны қазақтың қасіретіне емес, қасиетіне айналдыру керек.

Ол оңай.

Қытай сияқты адамдар арасында әлеуметтік рейтинг енгізу керек.

Қытай жылдар бойы әрбір азаматқа жақсы қылығы үшін ұпай беріп, жаман қылығы үшін ұпайын алатын цифрлық рейтинг құруға таплыныпе келеді.

Рейтингі көптерге жұмыс та, кредит те, жеңілдік те, білім мен ем алу оңай. Рейтингі аздарға ол жоқ. Сондай рейтинг құру үшін Қытай көшелерде камераларды қаптатып, тым үлкен ақпараттарды өңдеуге мәжбүр. Қазақстанның ондайға шамасы да, ақшасы жетпейді.

Біз одан оңай жолмен жүре аламыз.

Адам сапасының бір шынайы көрсеткіші – салық.

Форбс тізіміндегі жігіттер сағатына миллион теңге салық төлейді. Бірақ олардың азаматтық құқығы кәдімгі қайыршымен бірдей-ақ. 

Төлеген салығына қарай әр азаматқа сан беру керек. Бізде ол онсыз да бар, көлігіне таққан нөміріне қарап алдыңда кімнің тұрғанын түсінесің ғой. 

Төлеп жүрген салығың аз болса, қымбат ресторанға, қымбат автосалон мен элита тұратын жерге жолатпайтын болса. "Кешіріңіз, сізге әзірге кредитке айфон сатуға болмайды екен" десе. Цифрлық мәртебесіне сай келмейтін тым қымбат көлікпен көшеде жүрген қазақты полиция ұстап, көлігін айып тұрағына тықса.

Мемлекеттік қызметкер мен жеке бизнестегі кадрлардың ұрлауына жол ашқанша, арам жолмен ақша табу мүмкіндігінен айырған дұрыс. Қызығын көре алмасаң, қалтаңдағы көп ақшадан не пайда дегенге келтіріп. Қымбат дүние сатып ала алмасаң, ақшаны ұрлап қайтесің? 

Читайте также
Мұнысы несі? Головкин-бастық баласын Олимпиадаға апарған

Көшедегі қымбат көлікте отырған адам шынымен де көп салық төлейтін, елге салықпен пайдасын тигізген лайықты бай болуы тиіс.

Осындай рейтинг пен шектеулермен халық салықты қуана төлеп, салық төлеушілер сыйлы бола бастайды. Әйтпесе біз қазір жетім-жесірдің аузынан жырылған ақшаға ас беріп жүргендерді сыйлап жүрміз.

Қазақтың мақтаншақтығы сол күйі қала береді. Бірақ оны енді салып ала алмайсың, оған тек адал еңбекпен жетесің.

Бұл деген өзгеріс. Сөйте-сөйте адам боламыз.

Сонда ғой жемқорлық пен тамыр-таныстықпен көтерілу сап тыйылады. Сонда билікке байлар емес, ақылдылар өте бастайды.

"Жаңа қазақты" өсіріп шығару үшін қазақтың мақтаншақтығын осылай пайдалануға болады.

…Анау Яндексте жүрген қазақтар өзінің рейтингі үшін жанын береді. Тіпті көлігіне мінетін жолаушының рейтингіне де қатты қарайды…

Былай қарасаң жай ғана сандар, бірақ дүние өзгеріп салады.

Фото: соцсети/Караван.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




баспагер
Құлдық сана дегеніміз – 500 мың теңге төлеп, қытай көлігін русификациялау.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Как карагандинская судья может навредить судебным реформам
И вправе ли она незаконно удерживать у себя автомобиль Lexus GX 460 и два айфона, принадлежащие частному автопарку
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Ареал распространения саранчи в Казахстане теперь вне закона
Эксперт Павлов использует термин “ареал”, а минсельхоз против, поэтому Трампу верить нельзя, ведь без лис пропадут волки
Когда Казахстан выйдет из ОПЕК+
Что лучше: ужасный конец или ужас без конца?
Директор нотариальной палаты Актюбинской области ударила адвоката
Но привлекать к ответственности нервную директорку полиция не стала
Война Израиля с Ираном
Как всё начиналось
О самой высокой вершине, видимой с улиц Алматы
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Усть-Каменогорск утопает в крупногабаритном мусоре – власти не могут найти финансирование
Специализированных площадок нет, жители выбрасывают его под прикрытием темноты
Исторический weekend. Позитивное брюзжание на тему туризма
Позитивное – потому что не с целью поругать, а с целью улучшить ситуацию
Снова об автомобильных дорогах Казахстана
Из выделенных 700 образовательных грантов на специальность “Транспортное строительство” поступил всего 41 студент
Бывший гендиректор ArcelorMittal Temirtau рассказал про кражи угля в шахтах и борьбу с ОПГ на комбинате
Некоторые работники шахт получали угрозы и ходили с охраной
В Петропавловске врачи подали иск на чиновников от здравоохранения и проиграли
В суде рассмотрено нашумевшее дело о выселении из "Дома врача"
Потоки туристов на озеро Алаколь растут, как и отходы их жизнедеятельности
В этом году на санитарную очистку побережья выделили 50 миллионов тенге
Экс-судья Жолманова из Алматы приговорена к 10 годам тюрьмы
Ущерб от её действий оценивается в миллиард тенге
Как продавщица бутика магнитный съёмник прикупила
С этим приобретением женщина устроила бесплатный шопинг по фирменным магазинам
Вести с тарифного фронта: старушка Европа готова платить
Тарифные войны оказались яркими, но короткими
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.