Айтуынша, қазіргі таңда 8,8 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды. Екінші компонент 8,3 миллион адамға егілді.
"Бетперде режимін, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды жалғастырып, вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажет", - деді премьер үкімет отырысында.
Мамин елде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Күн сайын тіркелетін коронавируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ.
Инфекциялық ауруханадағы орындар 23%-ке, ал реанимациялық орындар 20%-ке толы.
"Сары" аймақта алты өңір, "жасыл" аймақта 11 өңір тұр. "Қызыл" аймақта бірде-бір өңір жоқ.