Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

1982 просмотров
0
Ратель
Суббота, 11 Июн 2022, 12:00

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды

Читайте также
Қазақстанның он екі өңірінде "стелс-омикрон" анықтады

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

"Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Берік Әбдіғалиұлы туралы не белгілі

Берік Әбдіғалиұлының соңғы қызметі - мәжіліс депутаты.

Ол 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген.

1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1994-1995 жылдары – ҚР президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997 жылдар – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.

1997-1999 жылдарда ҚР баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде қызмет атқарды.

1999-2001 жылдары ҚР президент әкімшілігінде жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2005 жылдары "Ақ жол" ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, "Саяси ағарту қоры" ҚҚ президенті болып жасады.

2005-2006 жылдары – "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағында кеңесші, "Атамекен" ұлттық даму орталығы" ЖШС директоры.

2007-2008 жылдары – ҚР президент Әкімшілігінде бас инспектор, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2010 жылдары – "Мемлекеттік тілді дамыту қоры" ҚҚ директоры.

2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі.

2012 жылы – 1-ші вице-премьердің кеңесшісі.

2012 жылғы мамыр мен 2013 жылғы наурыз аралығында – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі.

2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2016-2017 жылдары – ҚР президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері, ҚР Қорғаныс министрлігі.

2017 жылғы мамыр мен 2019 жылғы мамыр аралығында – ҚР Ұлттық мұражайының "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі,

2019 жылғы мамыр мен қазан аралығында – ҚР мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының жетекшісі.

2019 жылғы қазан мен 2021 жылғы қаңтар – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

2017 жылы "Өңірлік және муниципиалдық менеджмент" мамандығы бойынша MBA дәрежесін РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Мәскеу қ.) қорғады.

10 кітаптың және қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы.

"10 жыл Астана" (2008 ж.), "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011 ж.), "20 жыл Астана" (2008 ж.), "Құрмет" орденімен (2017 ж.) марапатталған. Төсбелгілер – ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" (2016 ж.), ҚР МСМ "Мәдениет саласының үздігі" (2019 ж.).

Отбасылы, үш баласы бар.

Фото: tarlan.kz.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Петр Своик: «Мы не опаздываем, но пора действовать»
Эксперт о реформе Токаева, ошибках прошлого и о строительстве новой политической системы
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Теперь Минфин знает, кто чем торгует и сколько зарабатывает
Казахстан завершает цифровизацию госфинансов
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента