Әлихан Смайылов: Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс

1129 просмотров
0
Ратель
Среда, 13 Сен 2023, 14:45

Үкімет басшысының айтуынша, оңтайлы тәжірибені басқа өңірлерге де кеңінен тарату қажет

Читайте также
Моноқалаларды дамытуға 1,7 трлн теңге бөлінеді

Үкімет басшысы Әлихан СМАЙЫЛОВ отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі болуға ұмтылуымыз керек. Ол үшін әрбір өңірде өз IT-хабы мен заманауи IT-мектептер болуы тиіс. Алайда, әлі күнге дейін көптеген өңірде цифрлық инфрақұрылым жоқ. Мамандар да жоқтың қасы. Әзірге өңірлер бұл мәселеге тиісті көңіл бөліп отырған жоқ. Бұл – әрбір әкімнің міндеті. Дегенмен, табысты мысалдар да бар. Атап айтқанда, Алматы және Қарағанды облыстарында өңірлік IT-хабтар мен мектептер жұмыс істейді, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, оңтайлы тәжірибені басқа өңірлерге де кеңінен тарату қажет.

- Сондай-ақ, стартап-жобаларды дамыту мәселесінде сұрақтар көп. Бастапқы кезеңде оларды қолдауға көңіл бөлінгенмен, әрі қарай бизнесті кеңейтуге қаражат табылмай қалады. Оның соңы жобаның орта жолда тоқтап қалуына әкеледі. Мұның барлығы IT-индустрияның дамуына кедергі келтіреді. Саланың экспорттық әлеуеті жоғалады. Бұған ірі бизнесті, банктер мен венчурлық қорларды және басқа да құралдарды тарту қажет. Біз қолда бар барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануымыз керек, - дейді ол.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Казахстане запущена маркировка моторных масел