Әлихан Смайылов: 600 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр

707 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 05 Июн 2023, 11:00

4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды

ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен мемлекет басшысының майлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Касым-Жомарт Токаев прибыл в Кыргызстан

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат ҚАРАБАЕВ алдағы жылдары 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарланып отыр.

Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік өз кезегінде әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр – 36,6 мың пәтер салынды.

Сонымен қатар бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.

Негізгі ынталандыру шаралары құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетуді көздейді. Бұл құрылыс компанияларына Қазақстан тұрғын үй компаниясынан кепілдік және әкімдіктерден рұқсат алу арқылы өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қатаңдату шаралары үлескерлердің ақшасын тартудың ашық механизімін қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінде: салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға байланысты барлық шарттарды ХҚКО-ларда тіркеу, құрылысты одан әрі тоқтата отырып, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту, үлескерлердің ақшасын тартуға бағытталған рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу және басқалар.

Сондай-ақ "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қанат ШАРЛАПАЕВ, Абай облысының әкімі Нұрлан ҰРАНХАЕВ, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан КӨШЕРОВ баяндама жасады.

Премьер-министр мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылы 130 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсарта алды.

"Бұл ретте, жоспар асыра орындалған өңірлердің ішінде Астана, Алматы қалаларын және Алматы облысын атап өтуге болады. Өз кезегінде, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында жоспар орындалмай қалды", — деді Әлихан Смайылов.

Ол биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстары жоспардан артта қалып келе жатқанын атап өтті.

"Баспанамен қамтамасыз ету мәселесінің әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін маңызы өте зор. Бұл еліміздің ірі қалаларында барынша өзекті болып отыр. Бүгінде 600 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр. Аталған мәселені біртіндеп, жүйелі түрде шешу керек. Бізде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар бағыттар көзделген", — деді премьер-министр.

Үкімет басшысы мұндағы ең өзекті мәселенің бірі құрылыстың жеткілікті деңгейде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі екенін атап өтті.

"Елорда қазір осындай проблемаға тап болып отыр. Астанада энергия ресурстары жетіспейді, сумен қамтамасыз ету мәселесі қатты сезілуде. Осыған байланысты тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарланған көлемі азайтылды. Басқа өңірлерде осындай жағдайларға жол бермеу үшін барлық әкімдіктер елді-мекендердің перспективалық дамуына тиісті талдау жүргізуі қажет", — деп атап өтті Смайылов.

Ол көбінесе, жоспарлау проблемалары тұрғын үйді пайдалануға беру кезінде анықталатынын, сондықтан инфрақұрылым мәселелерін жер учаскесін бөлу және құрылысқа рұқсат беру кезінде шешу керек екенін атап өтті.

Читайте также
Мүмкіндігі шектеулі баланы ұшаққа мінгізбеген : "SCAT" компаниясына қатысты іс қозғалды

Әлихан Смайылов сондай-ақ кейінгі уақытта халықтың тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына және олардың ретсіз, бей-берекет салынуына, объектілердің уақтылы іске қосылмауына қатысты өте көп шағым түскенін айтты.

"Мәселен, Астанада "Будапешт" тұрғын үй кешенінің тұрғындары былтыр қыс басталардың алдында жылусыз қалды. Шымкентте осыдан бес жыл бұрын ғана мемлекеттік бағдарламамен салынған көппәтерлі тұрғын үйдің қабырғалары жарылып, лифтілер жиі істен шығады. Алматыда таулы жерлерде, суға жақын маңдарда және ерекше қорғалатын аумақтарда құрылыс салу кезінде заңнаманы бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды", — деп атап өтті премьер-министр.

Оның айтуынша, тағы бір өзекті проблеманың бірі – құрылыс кезінде рұқсат құжаттарының болмауы. Алматыда салынып жатқан «Төлеби Резиденс» тұрғын үй кешенінде құрылысқа қажетті құжаттар жоқ.

"Астананың бір өзінде тиісті құжаттары жоқ осындай 90-ға жуық тұрғын үй кешені салынып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, сот құжатсыз салынған "Дублин" тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарды", — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен де сабақ алуымыз керек.

"Құрылысты бақылау шараларын, әсіресе сейсмикалық белсенді аймақтарда құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейту мәселесі бірнеше рет көтерілді. Белгілі-бір шаралар қабылданды, алайда ол жеткіліксіз. Осы мәселелердің барлығы әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде ескерілуі тиіс", — деп айтып өтті Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, ол тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша осы жылға арналған барлық жоспарлардың толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етіп, жоғарыда айтылған кемшіліктерді ескеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар премьер-министр бір ай мерзімде кезекте тұрғандар үшін үй бөле отырып, кешенді құрылыс салуды қаржыландыру механизмін іске қосу бойынша шаралар қабылдауды, және 1 қыркүйекке дейін кезекте тұрғандардың тізімін белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан өзектендіруді тапсырды.

Фото: primeminister.kz.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




баспагер
Құлдық сана дегеніміз – 500 мың теңге төлеп, қытай көлігін русификациялау.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
Почему ЖК “Трилистник” будет мозолить глаза карагандинским прокурорам
Каким образом юридически оформлены 25 этажи в 24-этажных высотках
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Сможет ли Альназарова спасать жизни, как Биртанов
В Казахстане повторилась ситуация, когда западная компания запретила ввоз в страну лекарства, спасающего жизнь – без него остались больные муковисцидозом
Когда Казахстан выйдет из ОПЕК+
Что лучше: ужасный конец или ужас без конца?
Актюбинскую гадалку клиенты обвинили в мошенничестве после того, как она не смогла вернуть мужа
Полиция не может возбудить уголовное дело, так как отсутствует состав преступления
Война Израиля с Ираном
Как всё начиналось
При Узынагаше открываются древнейшие страницы человеческого присутствия в Семиречье
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Глава крупной китайской корпорации стал советником Берика Уали
В честь такого события инвестору из Поднебесной вручили благодарственное письмо
Исторический weekend. Позитивное брюзжание на тему туризма
Позитивное – потому что не с целью поругать, а с целью улучшить ситуацию
Снова об автомобильных дорогах Казахстана
Из выделенных 700 образовательных грантов на специальность “Транспортное строительство” поступил всего 41 студент
Начальник смены шахты Qarmet заявил в суде, что погибшие во взрыве горняки виноваты сами
В своих показаниях он заявил о низкой квалификации погибших, а также оставил комментарий о них в социальных сетях
Мест не хватает, аренда растёт: в Петропавловске “дедский сад” нуждается в помощи
Центр для пожилых людей с деменцией не вмещает всех желающих
Когда Жетысу окончательно погрузится во мрак
В регионе износ электросетей и оборудования достиг критического красного уровня
Экс-судья Жолманова из Алматы приговорена к 10 годам тюрьмы
Ущерб от её действий оценивается в миллиард тенге
Предприниматель открыл Центр по обучению промышленной безопасности и выдавал сертификаты без обучения
Согласно приговору, ему в этом помогал и руководитель отдела безопасности и охраны труда департамента государственной инспекции труда и соцзащиты
Дайте миру шанс
Трамп откладывает решение о вовлечении США в конфликт Израиля с Ираном на две недели
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.