D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды
Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) келесі жекпе-жегін 20 тамызда Дубай қаласында (БАӘ) өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасына сілтеме жасап.
Балоевтің қарсыласы Камерун өкілі Ролли Ламберт Фогум (11-1-1, 10КО) болады. Кездесу 10 раундқа есептелген. D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды. Әли Балоев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Беларусь боксшысы Юрий Быховцевті (10-21-3, 5КО) жеңді.