Әлем чемпионы титулынан бас тартқан Головкинге міндетті қарсылас белгіленді

1405 просмотров
0
Ратель
Четверг, 09 Фев 2023, 12:45

Геннадий спорттағы мансабын аяқтап жатқан жоқ. Ол фанаттар үшін барлық мүмкіндіктер арасынан ең жарқын жекпе-жек табуға тырысуда

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің "суперчемпионы" Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық "қарапайым" чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс, деп хабарлайды Sports.kz.

Читайте также
Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді

WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады.

"Спорт Шредингера" Telegram-каналы Г.Головкиннің адвокаты Джон Хорневердің сөзін келтіреді.

"Геннадий спорттағы мансабын аяқтап жатқан жоқ. Ол фанаттар үшін барлық мүмкіндіктер арасынан ең жарқын жекпе-жек табуға тырысуда. IBF белгілеген міндетті қарсылас Фалькаомен келіссөз мерзімі келесі аптаның соңында аяқталады. Бірақ Геннадий ол уақытқа дейін күтпеуді шешті. Бұл айқас ақыры іске аспайтын болғандықтан Геннадий титулды босатып, қысқа уақытта басқасын ұйымдастыру мүмкіндігін беруді шешті".

Еске сала кетейік, әуелде Головкин бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы айқасып, IBF титулын қорғауы тиіс еді, бірақ кеше GGG-дың бұл титулдан бас тартқаны белгілі болды.

Фото: sports.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора