Коронавирустың "британдық" штаммы Қазақстанға жетті ме – министр жауабы

1744 просмотров
0
Ратель
Вторник, 19 Янв 2021, 13:45

Бүгінге дейін әлемнің 220 елінде 95 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде екі миллионнан астамы қайтыс болды

Ұлыбританияда таралған коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанда анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Читайте также
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды

Айтуынша, министрлік вирустың мутацияға бейімділігін ескеріп, Қазақстандағы вирустың штаммдарына тұрақты түрде молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізіп отырады.

Талдау нәтижесі зерттелген сынамалар генетикалық жағынан Германия, Испания, Украина, Ресей, АҚШ және Қытайда анықталған штаммдарға ұқсас екенін көрсеткен.

"Аурудың симптомды және симптомсыз формасы, сондай-ақ, вирустың таралуы мен ауырлығы вирустың қандай да бір генетикалық топқа жататынына байланысты емес. Анықталу жиілігі жоғары мутациялар айқындалды. Зерттелген сынамаларда британдық штамм анықталған жоқ. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр", - деді Цой үкімет отырысында.

Айта кетейік, 19 қаңтардағы жағдай бойынша әлемнің 220 елінде 95 миллионнан аса адам коронавирусқа шалдықты. Оның ішінде екі миллионнан астамы қайтыс болды. Жаһандық өлім-жітім көрсеткіші 2,1 %-ті құрайды.

Фото: cdn.iz.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В ВКО для успешного проведения посевной кампании предусмотрено 4,1 млрд тенге субсидий