Коронавируспен күрес: Қызылордада 2 қарашада жаңа қаулы күшіне енеді

1685 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 01 Ноя 2020, 11:00

Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа қаулы күшіне енетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлім етті. Айта кетейік, оның №25 қаулысы 2 қарашадан бастап күшіне енеді.

Читайте также
Депутат зейнетақы жинағын пайдалану туралы жаңа заңға қатысты жаңалықты жариялады

Қаулыда көрсетілгеніндей, облыс аумағында кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиынына рұқсат берілген. Сауда, ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алады. Тек жексенбі мен мереке күндерінде олардың жұмысына шектеу қойылды.

"Дүйсенбіден бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастауға шешім қабылданды. Бұл орындар санитарлық талапты қатаң сақтау арқылы 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмысын жүргізеді. Кинотеатрлардың толтырылуы 30 %-дан аспауы тиіс. Айта кетерлігі, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әрбір кино көрсетілер алдында дезинфекция жүргізілуі қажет", - деді Ә. Әбдіқайымова.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа қысқартылып, олар қызметін 22:00-ге дейін жүргізетін болды.

"Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға болмайды. Оған қоса спортшылардың елімізден тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады", - деді Ә. Әбдіқайымова.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай