Коронавирус пандемиясы: Цой жағымды жаңалығын бөлісті

1565 просмотров
0
Ратель
Вторник, 14 Сен 2021, 15:15

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті

Қазақстанда соңғы екі аптада аурушаңдық өсімі 35 процентке төмендеген. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Читайте также
Қазақстанда вакцина алғандар саны жеті миллионнан асты

Айтуынша, соңғы екі аптада Қазақстанда ауру жұқтырғандар өсімі 35%-ке төмендеді. Ал соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 14%-ке, аптасына 31 мыңнан 25 мың адамға дейін азайған.

"ДДСҰ бағалауынша, республикада репродуктивті сан соңғы төрт апта бойы төмен, бұл пандемия бақылауда екенін көрсетеді және ауру жұқтыру деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында да оң динамика байқалып отырғанын атап өтті.

Министрдің мәліметінше, соңғы екі аптада 5 өңір "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта.

Цой эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты өңірлерде инфекциялық төсек-орындарды азайту жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Төсек-орын қоры барлығы 12 211 төсекке қысқарған.

Фото: СЦК.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Страховые компании в Казахстане будут работать по новым законам