Код сұраса – ақшаңызға ауыз салды: Алаяқтардың қулықтарын біліп жүріңіз

1576 просмотров
0
Ratel Advert
Пятница, 23 Мая 2025, 13:30

Ақшаңызды аман сақтауға көмектесетін қарапайым ақылдар ғой

“Сәлеметсіз бе! Бұл – ұялы байланыс операторының өкілі. Сіздің SIM-картаңыздың келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты оны қайта рәсімдеу қажет. Егер дәл қазір ұзартпасаңыз, байланыс бұғатталады. Біз қашықтан көмек жасай аламыз. Қазір сіздің телефоныңызға растау коды келеді, оны маған айтып берсеңіз болды…”

Бұл – алаяқтардың телефон арқылы алдайтын тәсілдерінің бірі ғана. Күн сайын талай қазақстандыққа осындай қоңырау жасалып, көпшілігі өкінішке қарай, ақшасынан айырылып жатады. Біз ЦентрКредит банкімен бірлесіп, ең жиі кездесетін алаяқтық түрлерін жинап, ақшаңызды сақтап қалуға көмектесетін қарапайым кеңестерді ұсынамыз.

Читайте также
Қазақстандықтардың карталарына жаңа вирус “шабуылдап” жатыр

Мерзімі өткен SIM-карта

Алаяқтар азаматтарға байланыс операторының қызметкері ретінде қоңырау шалып, олардың SIM-картасы жақында жұмысын тоқтататынын хабарлайды. “Қайта активация жасау” үшін олар телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрайды.

Кодты алған сәтте алаяқтар сол адамның жеке деректеріне қол жеткізіп, тіпті оның атынан кредит рәсімдей алады. Көбіне бұл схема тіпті күрделі болады: бірінші қоңыраудан кейін өзін мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстыратын тағы біреу байланысқа шығып, “алаяқтықтың алдын алуға” көмегін ұсына қояды.

E-Salyq Azamat атын жамылған алаяқтар

Одан да күрделі схема E-Salyq Azamat қосымшасымен байланысты. Алаяқтар энергетикалық компанияның қызметкері ретінде хабарласып, есептегіштерді шұғыл ауыстыру қажет екенін айтып, айыппұл салынатынын ескертеді. “Процесті жеделдету” және электронды кезекке тұру үшін олар E-Salyq Azamat немесе eGov порталынан келген SMS-кодты сұрайды.

Одан кейін іске жалған полицейлер араласады – олар жәбірленушінің банктік шоты “бұзылғанын” айтып, ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуға көндіреді. Нәтижесінде азамат өз еркімен алаяқтарға жеке деректерімен қоса, ақшасын да береді.

Читайте также
ЦентрКредит Банкі шағын және орта бизнес жобасына қолдау көрсетті

Мемлекеттік бағдарламамен есептегіштерді ауыстыру

Тағы бір жиі қолданылатын әдіс – “мемлекеттік бағдарлама аясында есептегіштерді ауыстыру”. Алаяқтар коммуналдық қызметтің өкілі ретінде хабарласып, есептегіштерді ауыстыру керектігін айтады, соңғы тексерулер туралы сұрайды.

Сосын алаяқтар жалған өтінім жасап, оны “растау” үшін телефонға код жібереді. Іс жүзінде бұл код оларға E-Salyq Azamat немесе eGov сияқты мемлекеттік цифрлық сервистерге қол жеткізу үшін қажет. Сол арқылы олар жәбірленушінің жеке және қаржылық деректерін иемденеді.

Қауіпсіздік шаралары:

  1. Ешқашан SMS-кодтар мен қосымшалардың парольдерін бөтен тұлғаларға айтпаңыз – олар тіпті банк, мемлекеттік орган немесе медицина қызметкерімін деп тұрса да.
  2. Тұтқаны дереу тастап, әлгі қоңырау шалған ұйымның ресми байланыс нөміріне өзіңіз қайта хабарласыңыз. Тек ресми сайт немесе қосымшадағы нөмірді пайдаланыңыз.
  3. Күдікті SMS-хабарламалардағы сілтемелерді баспаңыз және “кеңесшілер” айтқан бейтаныс қосымшаларды орнатпаңыз.
  4. Шоттарыңыз бен банк карталарыңыздың барлық операциялары бойынша SMS-хабарламаларды қосып қойыңыз.
  5. Аккаунттарыңызды қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
  6. Қаржылық қосымшалар мен мемлекеттік сервистердегі пароліңізді жиі ауыстырып тұрыңыз.
  7. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз – дереу өз банкіңізге хабарласып, картаңызды бұғаттаңыз. Сосын полицияға арыз жазыңыз.

ЦентрКредит банкі ескертеді: банктердің, мемлекеттік органдардың және коммуналдық қызметтердің заңды өкілдері ешқашан SMS арқылы келген растау кодтарын сұрамайды және ақшаны “қауіпсіз шотқа” аударуды талап етпейді. Қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған пайдалы ақпараттарды BCC Journal-дан таба аласыз!

Фото: Yta23 / Shutterstock.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Экспортировано 5,8 млн тонн зерна нового урожая