Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық жарияланды

2064 просмотров
0
Ратель
Пятница, 11 Фев 2022, 16:00

Алдағы уақытта екі көлік соқтығысып қалса, полиция мен сот шешімін күтпей-ақ, сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік болады

Қазақстанда сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу жоспарланып отыр.

Читайте также
Алматыда көктайғақ салдарынан бірнеше көлік соқтығысты - зардап шеккендер бар

Соның арқасында көлік жүргізушілері полицияны, тіпті, сот шешімін күтпей, сақтандыру төлемдерін рәсімдей алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде көлік жүргізушілері сақтандыру төлемін алу үшін жол полициясын күтеді. Хаттамалар рәсімделгеннен кейін сот шешімі шығуы керек. Сөйтіп, екі айдай уақыт кетіп қалады.

Ал сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде барлық құжат жылдам ресімделеді. Полицияның хаттамасы мен сот шешімі қажет емес.

Осыған орай, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арнайы заң жобасын әзірлеуге кірісті. Оған сәйкес, жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жылдам алу тетігі енгізіледі.

Бірақ бірнеше шарт болады.

Олар:

 

  • екі көлік құралының соқтығысуы;
  • жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралдарына ғана зиян келуі (адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру және үшінші тұлғалардың мүлкін зақымдау болмау шарт); • сақтандыру полисінің болуы;
  • екі көлік жүргізушінің өзара келісуі;
  • сақтандыру төлемі 100 АЕК-тен (306 мың теңгеден) аспауы.

Барлық өтініш бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы жіберіледі.

Айта кетері, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі кеңінен тараған.

Оны "еурохаттама" деп атайды. Бүгінде еурохаттама Еуропада ғана емес, Ресей, Беларусь, Украина, Армения мен Өзбекстан сияқты ТМД-ның бірқатар мемлекеттерінде бар.

Фото: lada-xray2.ru.

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай