Көлік министрі: Қазақстаннан өтетін транзиттік жүктің 50% астамы Ресейден келеді

1036 просмотров
0
Ратель
Вторник, 21 Ноя 2023, 12:00

Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны құрап 8, 5%-ға өскен

Қазақстанда жыл соңына дейін темір жолмен жүк тасымалдау көлемі 300 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы ҚР көлік министрі Марат ҚАРАБАЕВ айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

Министрдің айтуынша, еліміздің географиялық орналасуы транзиттік әлеуетті дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Читайте также
Алдағы жылдары 1300 шақырымнан астам теміржол салынады

- Биылғы 10 айда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тоннаны құрап, 3%-ға өсті. Жыл соңына дейін шамамен 300 млн тонна жүк тасымалданады. Қазіргі уақытта теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді, - деді Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны құрап 8, 5%-ға өскен.

- Транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамуда. 10 айдың қорытындысы бойынша транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19%-ға өсіп, 22 млн 500 мың тонна болған. Бұл ретте контейнерлік тасымалдар 15%-ға ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны құрады. Президенттің елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тапсырмасы шеңберінде транзиттік тасымалдарға ерекше назар аударылуда, - деді көлік министрі.

Контейнерлік тасымалдардың 2022 жылғы көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 29%-ға артты. Ал биылғы өсу қарқыны 15% деңгейінде сақталып отыр. Транзиттік жүктердің негізгі бағыттары – Қытай мен Ресей. Ресейден келетін жүктер дәстүрлі транзиттің 50%-дан астам көлемін алады.

- Дегенмен, соңғы жылдары Қытайдан Еуропа және көршілес елдерге Қазақстан арқылы жөнелтілетін транзиттік жүк көлемі едәуір артып, Қытай Халық Республикасының қазақстандық транзиттік тасымалдаудағы үлесі 27%-ға дейін ұлғайды. Ол тиісінше, 6 млн 200 мың тоннаға тең. Бұл ретте біздің негізгі міндетіміз – трансқазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттырып, экономика мен халықаралық транзит қажеттілігін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, - деді Қарабаев.

Фото: Үкімет.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
90 тысяч человек сдали январское ент