"Көлеңкелі тұсы көп": өзіне қол салған офицердің ата-анасы күдігі туралы айтты

2490 просмотров
0
Ратель
Суббота, 27 Ноя 2021, 16:30

Марқұмның денесін әкелген кезде жеке заттары, онымен қоса ұялы телефоны да ата-анасына қайтарылмаған

Жамбыл облысындағы гвардиялық  гарнизон әскери бөлімшесінде  өз-өзіне қол жұмсаған офицердің туыстары, оған қысым жасалуы мүмкін дейді, деп хабарлады Sputnik.

"Астана" арнасына сұхбат берген марқұмның ата-анасы аға лейтенант шеніндегі ұлдарының біреудің қолынан қаза тапқанына сенімді.

Айтуларынша, оқиғаның көлеңкелі тұстары көп.

Бауыр еті баласынан қапыда айырылып қалған ана марқұмның денесін алуға, істің мән-жайын білуге өзі бармақшы болған. Бірақ әскери бөлімшедегілер "келмеңіздер" деп тосқауыл қойған көрінеді.    

"Не себепті келмеңіздер деп жатырсыздар деген уақытта хаты бар, соңғы хатын сіздерге апарып береміз деді. Бірақ бізге әкелген де жоқ. Тіпті киім-кешегін де әкеліп бермеді. Мәйітті әкелді да шығарып салуға да жарамады", - дейді марқұмның анасы Анаргүл Демеуова.

Читайте также
23 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады

Әкесі де ұлым өзін-өзі өлтіруі мүмкін емес дейді.   

"Өте ауыр. Осындай жақсы баламнан айырылғаныма. Жұмыс істеп жүрген. Осындай жағдайға ұшырағанына өте өкінемін", - дейді Ербаған Омаров.

Ол бар-жоғы 24 жасында бақилық болды. Әскери академияны бітірген соң, 4 жыл Жамбыл облысындағы Отар әскери бөлімінде еңбек еткен. Жақында ғана шені көтерілген.

Бауырын өзінің бес саусағындай білетін ағасы Елдос та аяқ астынан болған бұл жағдайға күдікпен қарайды.

"Шу шығарғаннан кейін хатты телефонмен жіберді. Оны оқып бітпей жатып өшіріп тастады. Онда былай жазылған "Мама, кешіріңізші. Командирлеріме зиянымды тигізгім келмейді". Егер командирлеріне зиян тигізгісі келмесе неге ол жұмыс орнында атылады? Букмекерлік кеңседе 8 миллион қарызы болған дейді. Оның ешқандай қарызы жоқ. Біз тексердік бәрін", - дейді Елдос Омаров.

Марқұмның денесін әкелген кезде жеке заттары, онымен қоса ұялы телефоны да ата-анасына қайтарылмаған.

Читайте также
Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

"Жандос таңғы 5-те қайтыс болса, сол күні түнде оның әлеуметтік желідегі парақшасына біреу кірген. Бұл да көңілімізге күдік ұялатады"- дейді туыстары.

Бірақ қорғаныс министрлігі бұған қатысты тек ресми ақпарат беріп отыр.

"22 қараша күні Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне және туыстарының өтінішіне сай өзге ақпараттар жариялануға жатпайды", - дейді қорғаныс министрлігі әскери полиция басқармасы басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Ал ата-анасы болса ұлының мұндай әрекетке барғанына бәрібір сенбейді. Бұған дейін ол жұмысына қатысты ешқандай шағым айтпаған.Олар жұмбақ өлімнің себебін құзырлы орындар анықтаса, тергеу жұмыстары әділ жүрсе дейді.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қарашада Жамбыл облысндағы Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде болған.

"Дүйсенбі 22 қараша күні Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде офицер өз-өзіне қол салды. Қайтыс болған әскери қызметші хат жазып кеткен", - деді қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі.

Фото: Министерство обороны РК.

ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАШ КАНАЛ И ЧИТАЙТЕ НАС В TELEGRAM!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан о внутренней ответственности общества и государства
- Никто к нам не придет со стороны и не сделает Казахстан лучше вместо нас!
Если у вас нет паранойи - это не значит, что за вами не следят
Почему прослушка перестала быть шпионской экзотикой Жучки, скрытые микрофоны и слежка: как это работает
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Самые высокие цены на продукты - в Алматы, Мангистауской и Атырауской областях
Почему казахстанцы переплачивают за еду: разница цен на мясо, молоко и курицу между регионами достигла 30%
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай