Үкімет басшысы арендалық тұрғын үйді сатып алудағы қайшылықты шешуді тапсырды

1633 просмотров
0
Ратель
Вторник, 05 Июл 2022, 12:00

Әлихан Смайылов бұл мәселеде заңнама қайшылығы болмауы керектігін ескертті

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған арендалық тұрғын үйді сатып алуға салынған тыйымның заңнамаға қайшы тұстарын реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

"Нұрлы жер" бағдарламасы мен тұрғын үй қатынастары туралы заң нормалары бойынша азаматтардың сұрақтары бар. Мысалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша арендалық тұрғын үй алған адамдарға оны сатып алуға рұқсат берілмейді. Ал заң бойынша коммуналдық үйді сатып алуға тыйым салынбаған. Бұл жерде норма қайшылығы туындап тұрған жоқ па? Мәселе қалай шешіледі?", -деп сұрады Үкімет басшысы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Қайырбек Өскенбаевтан.

Министрдің айтуынша, бұл мәселені парламент депутаттары да көтерген.

"Шынында да халық арасында қазір осы мәселе көп талқыланып жатыр. 2017 жылға дейін біз жалға берілгенімен, сатып алуға рұқсат етілетін үйлерді салғанбыз. 2017 жылдан бастап жалға берілгенімен сатылмайтын үйлерді салып бастадық. Қазір заң жобасы парламентте талқыланып жатыр. Жұмыс тобында депутаттар да осы мәселені көтерді. Соны талқылап, бір оң шешімге келеміз деп ойлап отырмыз. Осы заң талқыланғанда осы мәселені қарастырып, нақты шешім табуға тырысамыз", - деді ведомсто басшысы.

Әлихан Смайылов бұл мәселеде заңнама қайшылығы болмауы керектігін ескертті.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Казахстанские ученые испытывают отечественную технологию для обеспечения сейсмической безопасности