"Кімді алдағымыз келеді": Ақмола облысының санитар дәрігері той туралы

2351 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 15 Авг 2021, 12:45

Мусинаның айтуынша, облыс реанимациялық төсек-орынның толуы бойынша төртінші орында тұр. Ал науқастар әлі түсіп жатыр

Ақмола облысының санитар дәрігері Айнагүл МУСИНА карантин кезінде той мен жалған вакцина паспортын жасаушылардан бұл әрекетті доғаруды сұрап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың қаншалықты ауыр екенінен мысалдар келтірді, деп хабарлайды Sputnik

Читайте также
Қазақстанда вакцина салдырған саны 6 миллионнан асты

"Қайырлы таң, егер оны қайырлы деуге болса. Шынын айтсам таңертеңгі науқастар мен қайтыс болғандар туралы ақпараттан кейін қорқыныш үдей түсті. Тамыз басталғалы өңірде күніне 14-16 адам көз жұмады. 165 адамның жағдайы аса ауыр. Мысалы, шілденің басында олардың саны 60 болатын. Біз реанимациялық төсек-орынның толуы бойынша төртінші орында тұрмыз. Телефонға күн сайын "ауруханаға жатқызуға көмектесіңізші", "сатурация 60", "өкпенің қабынуы 70 процент" деген сияқты өтініштерін айтып науқастар мен олардың жақындары хабарласады. Енді бірде "тағы бір өлім, қалай жерлейміз" деген хабар келеді", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Айнагүл Мусина облыста вакциналау көрсеткіші де төмендеп кеткенін айтты. Оның айтуынша адамдар заңды айналып өтудің амадалдарын қарастырып, жалған паспорт, анықтама жасауға көбірек ден қояды. Ал той болса тоқтар емес.

"Шектеу мен тыйым салуға қарамастан той мен өзге де жиындарды өткізіп жатқан адамдардың бәрі кінәлі. Қонақтарды қарсы алу үшін небір әрекеттерге баратын кафе, ресторан басшылары да кінәлі. Ashyq жайына қалды. Бүгінгі сырқаттанушылар туралы ақпаратта бір ауданның екі кафесінің басшысы мен екінші ауданның жасырын той қонақтары бар", - деп жазды ол.

Читайте также
Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

Оның сөзінше, көрші ауданда вакциналау паспортын жасатып алған 53 жастағы кәсіпкер көз жұмды. Туыстары вакциналау паспортын Көкшетаудан сатып алғандарын мойындады.

"Кімді алдағымыз келеді. Өлім туралы анықтамалар жалған емес! Шілде айында екі бала коронавирустан көз жұмды. Той ұйымдастырушылары, ең үлкен кінә сіздерде. Біреулер үшін 5 сағаттық көңіл көтеру, ажалына апаратын жол болуы мүмкін. Доғарыңыздар, өздеріңізді және жақындарыңызды ойлаңыздар, - деді ол.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Игорь Проценко: Реестр казахстанских товаропроизводителей спасёт государство от ущерба на сотни миллиардов тенге
С какими проблемами сталкивается бизнес при регистрации в реестре (видео)
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Священный месяц Рамадан!
Простые и полезные советы по здоровью во время поста